Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еуропа жұрты неге Ресейден жасқанады?

Еуропа жұрты неге Ресейден жасқанады?
Ресейге «Мистраль» кемелерін сатуға қарсы наразылық акциясына қатысқан қыз. Франция, Сент-Назер, 29 маусым 2014 жыл.

 
Еуропа азаматтары Израильдің Газа секторын бомбалауына, электрондық бақылаудың күшеюіне қарсы шерулер өткізді. Бірақ олар Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне наразылық білдірмейді. Мұның себебі неде?
Францияның Бретани аймағында тұратын Бернард Груа бұрын саясатқа қызықпайтын, шерулерге де қатыса бермейтін. Жыл басында Франция үкіметі Ресейдің Украинаға қатысты озбыр саясатына қарамастан Кремльге екі «Мистраль» әскери кемесін сату туралы шешім шығарғанда ол үйде тыныш отыра алмады.
Содан бері 52 жастағы Груа бұл кемелерді Ресейге сатуға қарсы шерулер ұйымдастыруға кірісті. Франция президенті Франсуа Олландтың әскери кемелерді Ресейге жөнелту мәселесін кейінге қалдырғанына қарамастан, ол шеруді жалғастыра беретіндерін айтып отыр.
- Путиннің агрессивті саясат жүргізіп отырғаны анық, ал біз оның агрессиясын қолдап, керемет құралдар жібермекпіз, - дейді Груа. Кезінде теңіз офицері болып қызмет еткен ол «Мистраль» сияқты кемелердің артықшылықтарын жақсы біледі. Бұл – жерден және әуеден шабуыл жасайтын тікұшақтарды тиісті жерге жеткізу мақсатында жасалған алып кеме. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
 
0
0
277

Осы тақырып бойынша

Еуропа жұрты неге Ресейден жасқанады? - Yvision.kz