Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақтілді БАҚ бірігуі керек

Өркен Кенжебек, журналист: «Біз ақпараттық саясатта неге ұтылып жатырмыз?!» деген сұрақтың жауабы бірнеше факторға байланысты.
Мәселен, Руперт Мэрдок деген әлемнің телемагнатының жетпісінші жылдары құрастырып шығарған «SSS» деген шаблоны бар. Яғни әлемдік коммерциялық масс медиа өз көрерменіне «Сенсация (скандал). Спорт. С...» сынды үш нәрсені ұтымды бере алса болғаны, қажетіне жетеді деген жаңалық ашқан болатын. «Иттің адамды қабатын емес, адам итті қауып алды» дейтін бірінші аталған сенсация мен айқай-шуға (скандал) толы ақпаратты беруде біз жетістікке жеттік. 
Мэрдок атаған екінші тарап – «Спорт». Бүгінде «аладопқа тел­мір­ген әлем», «Реалфан», «Бар­са­фан», «спорт деген сиқыр» дей ке­ле, бұл жағынан да қажет дү­ниені керегінше қамтыдық. Яғни халықтың әлсіз тұсын масс медиа осы спорт тақырыбы арқылы дөп басты.
Үшінші «S» – ұлы сөзде ұят жоқ дейміз де, жыныстық қаты­нас, сол анайы дүниеге деген құш­тарлық, жалпы көрпенің астын­дағы интимді дүниені жалпақ жұрт­­қа жария ету. Ересек адам­дар­дан бөлек, жас жеткіншек­тер­дің қызығушылығын оятатын бұл тақырып балалардың ерте есеюіне әкелетін жағдай. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
316

Осы тақырып бойынша

Қазақтілді БАҚ бірігуі керек - Yvision.kz