Мазмұнға өту
makala

Iskernews.kz порталы

@makala

Сайтта 2014 ж. 17 ақпанКазахстан, Алматы

Iskernews.kz порталына жарнама беріңіз және өзіңізді, компанияңызды іскерлердің арасында танылтыңыз!

рейтинг

100

жазбалар

389

пікір

1

тіркелуші

4

жазылымдар

4

«Русофобия» Ресей билігінің арандатқыш қаруы ма?

«Бүйректен сирақ шығарып жүретін» Жириновский өткенде Қазақстаннан «русофобиялық» ахуалды байқап, бізге доқ көрсетіп мәлімдеме жасаған еді. Шыны керек, оның бұл сөзі, тіптен негізсіз. Сөзінде пәтуасы жоқ сыңаржақ орыс саясаткерінің бұл айтқанына қолды бір сілтеп, қоя салуға да болар еді. Алайда оның айтып отырғандары бүгінгі геосаясатта қару боп кезеліп жатқанын ескерсек, бұл ретте бізге абай болған жөн. Сондықтан «Алаш айнасы» басылымы еліміздегі орыстілділер құқығын саралап, «русофобия» терминіне сарапшылар пікірімен тереңірек үңілуді жөн санап отыр... (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
738

Парламент үйі – Бұрхандар мүлгіп отыратын бұтхана емес

Менің осы мақаланы жазуыма бірден бір себепкер болған кісі – депутат Камал Бұрханов! «Алдар Көсе деген кiм өзi? Ол – алаяқ, алдамшы бiреу. Оның үйретерi – заң бойынша жазалануға лайық қылмыс – алаяқтық» – деп, ауыз әдебиетінен Алдар Көсені алып тастау туралы тепсініп мәселе көтеретін кәдімгі Камал Низамұлы. Осыдан шамамен үш апта бұрын Астанадағы Орынбор көшесінің бойында, «Тайқазан» дәмханасының алдында осы Камекеңмен кездесіп, амандасқаным; БАҚ-қа көп шығатын белсенді депутат ретінде өзін сырттай жақсы білетінімді айтып, алда қайта қаралғалы жатқан Көші-қон заңы туралы сөйлескенім бар. – Камал аға, Қытайдан келген бір жігітті Сізге таныстырсам. Амал болса, уақытша болса да, штаттан тыс көмекші етіп алсаңыз, біз сол жігіт арқылы Қазақ көшіне байланысты ұсыныстар берсек, ол ұсыныстардың е…

0
0
466

Әлемдік киім брендтерін қазақ жігіті тігеді

Парижде «Астана» дейтін цех бар. Christian Dior, Dolce&Gabbana, Louis Vuitton сынды атақты дизайнерлердің шалбар, жейде, күртелерін өз қандастарымыз тігеді дегенге сенесіз бе?
Құсайын Қадамұлының атақты брендтерді аядай цехта тігуді бастағанына биыл төрт жылдың жүзі болыпты. Түркияда туып, Парижге 80-жылдары қоныс аударған қазақ жігіті француз дизайнерлерінің көңілінен шығу үшін талай тер төккен. Біраз жыл жұмысты біреулерге жалданып істейді. Қазір сол атақты компаниялардың өзі қазақ кәсіпкеріне тәуелді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
344

Германияда Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді

Германияның Айфель аймағында Қазақстанның мәдени орталығы бой көтереді – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Мемлекеттік қорықтың 39 гектарына орталық тұрғызуға жариялаған неміс үкіметінің грантын қазақ кәсіпкері Жанна Штрак ұтып алды. Үкілі домбыра, қамшы, қошқармүйіз оюымен безендірілген көрпешелер, тіпті күбі де бар. Жанның үйіне келген меймандар алдымен қазақтың ұлттық бұйымдарымен, музыкалық аспаптарымен танысады екен. Сонан соң, тағамнан дәм татады. Бұған дейін жылқы етін жеп көрмегендердің қазір қазы-қарта ең сүйікті тағамы. «Біз олардан тазалықты, мәдениетті үйренсек, олар бізден қонақжайлылықты, тамақ беруді, үлкенді сыйлауды, келген қонақтың құлы болуды үйреніп жатыр. Еуропада ата-анасын қарттар үйіне жібереді. Біздің қасымыздағы достарымыздың бәрі біздің ата-анамызды қалай сыйлайтын…

0
0
548

Басқыншы Ресейден Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем қауіптеніп отыр. Мына ақпарат оған дәлел!

5 қыркүйек күні Уэльстегі НАТО саммитінде сөйлеген осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Мәскеуге "НАТО-ның кейеюіне, соның ішінде Украина мен басқа да елдердің ұйымға мүшелікке өтуіне үшінші бір елдердің вето қоя алмайтынын" ескертті. Бұдан бөлек, Расмуссен "альянс басшыларының Ресей агрессиясы қаупін жоюға арналған қарулы күштер құруға" келіскенін мәлімдеді. Ол "бірнеше мың жауынгерден тұратын бұл құрлық әскері НАТО қарулы күштерінен жасақталатынын, олардың Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдерге бірнеше күннің ішінде орналастырылуы мүмкін" екенін айтқан. НАТО бас хатшысы "шұғыл қимылдайтын бұл әскер Еуропаның шығысындағы НАТО-ға мүше елдер аумағында үнемі әзір тұратынын, мұның өзі НАТО-ға әуе, теңіз және құрлықта қатар әрекет етуге мүмкіндік беретінін" мәлімдеген. Екі күн өтк…

0
0
274

Айдос Сарым, саясаттанушы: Тіл – кімнің кім екенін анықтайтын индикатор

- «Ресми тіл мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады». Конституциямыздағы дәл осы тармақ мемлекеттік тілдің дамуын қаншалықты тежеп тұр? - 1991 жылы Қазақстан өзінің егемендігін алған кезде қазақтардың саны 40%-ды ғана құрады. Сіз айтып отырған заңдық норма сол кездегі түсініктен, пайымнан және сол уақыттағы демографиялық ахуалдан туындаған. Бүгінгі жағдай көп нәрсені аңғартып жатыр, яғни 23 жыл бұрын біз қалап келе жатқан тілдік жағдайды бірден белден басып орындасақ, біздің тәуелсіздігіміздің баянды болуы екіталай болмас па еді? Бұл туралы талай дауласуға да, пікір таластыруға да болады. Мойындауымыз керек, дәл осы заңдық норма тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге алғышарт бола алды. Егемендіктің алғашқы тұсында еліміздегі орыстар өзінің анасындай кө…

1
0
1042

Ресей мен Қазақстан не үшін соғыспайды?

alt
Қазақстан мен Ресей арасы қандай? Әрине, жақсы. Ресей ежелгі көршіміз. Саяси-әскери және экономикалық әріптесіміз. КСРО тұсында бір шекпеннің ішінде болғанымыз өз алдына, қазір де әр сала бойынша тығыз интеграциядамыз.
Яғни бүгінде Кедендік одақ, келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құрамында бірге болмақпыз. Бұдан тыс Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында, Шанхай ынтымақтастық ұйымында мүшелеспіз. Аспынымызды да бірге қорғау жөніндегі шартқа қол қойғанбыз. Ресеймен жақсы қарым-қатынаста екеніміз осылай жалғасып кете береді. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
417

2 жасар бала қалай туылғанын қалай біліп алған? Сұмдық!!!

Неге бүгінгінің баласы

Бір күні жақын бір туысқанымның үйіне барсам, 4-сыныпта оқитын баласы орындықтан шкафқа өрмелеп шығып, шкафтан төсекке секіріп, бір жерде байыз таппай, оқалақ қысқан танадай аласұрып жүр. «Әй, не болды сонша жын соққандай?» десем, «Мен Spider Men-мін (өрмекші адам)!» деп одан сайын өршелене түсіп, қуықтай бөлменің астан-кестеңін шығарды. Сол жүгермек қоймай да жүріп әке-шешесіне әлгі өрмекші адамның киімін сатып алғызды. Бөлмесі де өрмекші адамның ойыншықтарынан көрінбей кетті, сөресіндегі дискілері де өрмекші адамның мультфильмі мен киносына толған. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
634

Келесі жылы не үшін Қазақстанның туу көрсеткіші төмендейді?

ТМД кеңістігінде пайда болған жас мемлекеттер ес жиған сәтте-ақ халқының санын түгендей бастады.
Өйткені «көп қорқытады, терең батырады». Қазақтың ежелден келе жатқан мақалына жалғыз біз ғана емес, ғаламшардың ден қоятыны тәуелсіздіктің кемесіне мінген сәттен бастап белгілі болып қалған еді. Қазір халқының саны миллиардтық межеден әлдеқашан асып кеткен алпауыт елдер Қытай немесе Үндістанмен санаспайтын ел кемде-кем. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
0
0
357

Аюмен айқасуға дайын дала бөрісі бізде де бар...

Сабыржан Махметов:

Менің намысыма тиіп жүрген мәселе соңғы кездері бізде «сабырлы, жуас, төзімді, көнбіс болайық» деген ұрандардың жиі айтылуы. Жаратқан адамға малдан ерекше болсын деп өзіндік көзқарас, сана, ұстаным берді емес пе…

Өз ойын бүгіп, үнемі үндемейтін қоғамда екіжүзділер мен қорқақтар көбейеді. Ал, Қазақ – қасқыр. Бөрі секілді қайсар, мінезді. Арыстан, барыс дегендер мысық тұқымдас болғандықтан қолға үйренеді, циркте билеп, елдің көңілін көтереді, қол жалайды. Ал, қасқыр жарықтықтың хайуанаттар бағында, торда торығып тұрғанын ғана көресің. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

0
0
369