«Turkvizyon-2014» конкурсына Қазақстан атынан Жанар Дұғалова қатысатын болды

Қазақстандық әншілер арасында финалдық іріктеу сынынан өткен белгілі әнші, тележүргізуші Жанар Дұғалова Татарстанның Қазан қаласында 19 және 21 қарашада ұйымдастырылатын «Turkvizyon-2014» байқауында ел намысын қорғайтын болды.
Ән байқауында елімізді таныту үшін Астанадағы іріктеуде 16 әнші бақ сынады. Кешті Нұрболат Абдуллин ашты. Сахнаға екінші болып, Мархаба Сабиева шықты. Қазылар мүшесі оның өнерін жоғары бағалады. Ал нағыз өнер сайысы «Алашұлы» тобы, Жанар Дұғалова, Серік Ибрагимов және «ТТ» тобымен Дастан Оразбеков арасында қызды. Осымен екінші рет іріктеу сынына қатысып отырған Нұржан Керменбаев та ерекше өнер көрсетті. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
