Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов: Мақтанышым – ана тілімді жетік білетінім!

Мақтанышым – ана тілімді жетік білетінім!


Соңғы кездері облыс, Алматы және Астана әкімдері Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдерімен тұрақты жүздесетін жақсы үрдіс қалыптасты. Сол үрдіс қазір де жалғасып жатыр. Бір жағынан, мұндай басқосу әкімдердің деңгейін (кәсіби, іскерлік, шешендік, тапқырлық және т.б.) анықтауға мүмкіндік береді. Өткен аптада аталған алаңда Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов есеп берді. Бір сүйсінерлігі, Бәкең жарты сағаттан асатын баяндамасын толықтай мемлекеттік тілде жасады. Қандай сауал қойылса да, әдеппен, ізетпен жауап қайырды. Орайы келгенде ұлтының мүддесін бірінші орынға қоя білетін халықшыл әкімге біз де бірер сауалымызды қойдық.

Жас қазақ: Атырау облысы – мұ­най­лы мекен. Мұнайшының орташа жа­ла­қысы 220 мың теңге көлемінде екенін білеміз. Бірақ атыраулықтардың дені ауылдық жерде тұрады. Ондағы жалақы көлемі – 42-43 мың теңге. Диспропорция өте үлкен. Соңғы рет Аты­рауға бар­ған сапарында Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев та осы мәселеге назар аударды. Сіз шаруақор әкім ре­тінде бұл мәсе­лені қалай шешер едіңіз? (жалғасы мұнда: mtdi.kz)

 
0
0
555

Осы тақырып бойынша

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов: Мақтанышым – ана тілімді жетік білетінім! - Yvision.kz