Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айбек Қалиев, айтыскер-ақын: Өзді-өзі келісіп, айтысқанды құптамаймын

6_43

Біздің өңір өлең-жырдың сарқылмайтын бұлағы дерсің. Тынымсыз атқылайды да жатады. Мұнда туған бала бесігінде ерекше үнмен ыңылдайтын, есейе келе сөзге құлақ түретін секілді. Дәлел: алпысыншы жылдары Жанкелдин ауданының Тәуіш ауылынан суырылып шығып, Жұмаділ Қалиев айтыс өнерінде жанкүйерлердің көңіліне жағып еді. Енді, міне, оның орнын ауылдасы, фамилиясы ұқсас Айбек басқан. Облыстық, республикалық айтыстарда сан мәрте жүлдені қанжығасына өңгерген жігіттің шабыт бойын билеген сәтін мерзімдік басылымдардың беттерінен, теледидар хабарларынан талай рет ұшыратып, дүркірете қол соққанбыз. Ел намысын қызғыштай қорыған әлгі інім қазір менің қарсы алдымда отыр:

–  Сонымен, айтыс өнеріне қалай келдің?
– Қаратүбек орта мектебінің мұғалімі Ғалымжан ағай Бекетов қазақ әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын. Өлең жазуға құштар оқушылар Абзал Алпысовты, Аязбек Ержановты және мені өзара айтыстырып қоятын. Үшеуімізді аудандық айтыстарға қосып, қарсыласымызға есемізді жібермегенде балаша мәз болатын.
Мұның сыртында, Отар Нұрманғалиев, Қонысбай Әбілов, Жадыра Құтжанова, Бүркіт Бекетов, Игілік Бейсенбаев ағаларымыздың айтыстарын көгілдір экраннан қызықтап, жаратылысы бөлек шоғырға еліктеп бағатынбыз. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
 
0
0
687

Осы тақырып бойынша