Мақтаралда білім сапасы мақтанарлықтай

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аудандық білім жүйесінде ілкімді ілгерлеушілік бар. Жуырда осы ауданда болып, білім бөлімінің басшысы Қуатбек Бапаевпен бірге бірқатар мектептерді аралап көрдік. Аудан өте ауқымды. Мұнда 122 мектеп бар. Оның 116-сы жалпы орта, 6-ы негізгі орта мектеп. Сонымен бірге 2 саз мектебі, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, әскери оқу орталығы және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Оқушыларға 7925 мұғалім тәлім-тәрбие береді. Олардың 7237-сі жоғары, 688-і орта арнаулы білімі бар мамандар, 768 мұғалім жоғары санатты, 2835 мұғалім бірінші санатты мұғалімдер екен.
Аудандағы жалпы білім мекемелерінде 74 мыңға жуық оқушы тәрбиеленуде. Мектептен тыс білім мекемелерінде 2923 оқушы қосымша білім алуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, ауданда 15221 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, 1-6 жас бойынша балаларды қамту 50%, 3-6 жас бойынша балаларды қамту 65,15% құраған болатын. 2014 жылдың 8 айында ауданда жаңадан 2 мемлекеттік балабақша және «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі 53 балабақша іске қосылып, қазіргі кезде ауданда мемлекеттік 33 балабақшада 3585 бала, «мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі» негіздегі 164 балабақшада 13280 бала, мектеп жанындағы 67 шағын орталықта 2590 бөбек және бір арнаулы балабақшада 50 бүлдіршін, барлығы 19505 бала мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылып, 3-6 жастағы балаларды қамту 77,5 пайызды құрап отыр. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
