Қызылордалық гандболшылар Қазақстан спартакиадасының 3 дүркін чемпионы атанды
Қызылорда қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының 4-ші жазғы спартакиадасы аясында гандболдан әйелдер арасында республикалық жарыс аяқталды. Аталмыш спорт сайысына Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарынан 117 спортшы қатысты. Бір аптаға созылған жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысының «Сейхұн-КАМ-ҚМУ» командасы қатарынан үш мәрте ел спартакиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын байрақты додада Сыр спортшылары 2007 және 2011 жылдары 2 мәрте Қазақстан Спартакиадасының чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Финалда қызылордалык қыздар Алматы облысының командасымен к…


