Жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир аяқталды
20-21 маусым күндері Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Абзал және К» компаниясының жүлдесі үшін дзюдодан 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өтті. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 27 команда, 285 спортшы 18 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жарыстың салтанатты ашылуында облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. ҚР дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевке дзюдо федерациясының алғыс хатын табыст…




