Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты өтеді

Қарағандыда велоспорттан өтетін Азия чемпионатына дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың екінші кезеңі кеншілер ордасында өтеді деп белгіленген. Жарысқа Азияның 29 елінен 300-ге тарта спортшы қатысады. Астана мен Қарағандыда өтетін біріншілік үшін 200 миллионға жуық теңге қаражат жиналды. Азия велоспорт федерациясының бас хатшысы Қарағандыда веложарыстың жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Чой Бу Вунг,Азия велоспорт федерациясының бас хатшысы: — Ауа райы веложарыс өткізуге аса қолайлы деуге болады. Спортшылар үшін де ыңғайлы. Шаһарда велосипедке арналған жолдар да бар. Менің білуімше, Қарағанды көптеген олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/8037-ara-andyda

0
0
344

Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өтетініне сенетінін айтты. Головки…

0
0
240

Шетелдік мамандар Қарағандының Азия чемпионатына әзірлігін тексерді

Қарағандының велосипед спорты бойынша Азия чемпионатының тас жолдағы жарысын өткізуге әзірлігін шетел мамандары десанты тексерді, деп хабарлады Азиялық велоспорт конфедерациясының (АСС) бас хатшысы Чой Бу Вунг. «Алдын ала бағаладық. Қазақстанның Велоспорт федерациясының құзыретті қорытындысын негізге ала отырып, олармен жұмыс жасадық. Қазірде жарысқа дайындық шаралары туралы ақпаратты алып, таңдауымыз дұрыс болды деп санаймыз», — деді Қарағандыдағы баспасөз мәслихатында конфедерация өкілі. Ол бағалау үшін Қарағандыға техникалық мамандар десанты жіберілгенін айтып өтті. «Мамандар барлық тас жолды аралап шықты, әр секторда барлық қажетті инфрақұрылымның бар-жоқтығы тексерілді. Инспекторлар тобының есептеріне сәйкес қала чемпионат ұйымдастыру үшін орындарға қоятын талаптарға толықтай сәйкес…

0
0
282

«Сарыарқаның» бас бапкері Владивостокқа кетіп қалды

«Сарырақа» клубымен қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде Братина кубогын жеңіп алған словак маманы Душан Грегор Ресейдегі «Адмирал» клубына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін «Адмирал» хоккей клубының ресми сайты Душан Грегормен келісімшартқа отырғандарын қуана жариялады. Бірақ келісімшартының мерзімі жазылмаған. Өкінішті, әрине. Бірақ бұл – өмір. «Адмирал» – Құрлықтық хоккей лигасындағы команда. Қандай бапкер болсын, деңгейі жоғары лигадағы команданы жаттықтырып, өсе бергісі келеді. Сондықтан Душан Грегорге ешқандай да өкпе арта алмаймыз. Словак маманы былтыр күзде (қазан айының соңғы күндері) кежегесі кейін тартып, көш соңына түсіп кеткен «Сарырақаға» бас бапкер болып тағайындалып, кеншілер клубының ойынын түлеткен. Жарты жылдың ішінде Қазақстан клубымен…

0
0
330

Бокста жетістікке жету үшін 18 жыл тер төктім — Серік Сәпиев

Спортта өзінің басты мақсатына қол жеткізіп, олимпиада чемпионы атану үшін Серік Сапиев 18 жыл тер төккен. Бұл туралы бүгін танымал боксшы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайындағы спорттағы дарынды балалармен кездесу барысында айтты. «Менің сіздерге айтарым, алдыға мақсат қойып, соған қарай ұмтылу керек. Мен боксқа 10 жасымда келдім, 28 жасымда олимпиада чемпионы атандым, өз мақсатыма қол жеткізу үшін 18 жыл дайындалдым. Басында Олимпиада туралы ойлаған да жоқпын. Кейін спорт шебері нормативін орындағаннан кейін, өз мүмкіндіктерімді сезіне бастадым. Содан кейін барып менде бокста бір жетістікке жету мақсаты пайда болды», — деді С.Сапиев. Қиындыққа тап болғанға мойымауды да айтты, өйткені болашақ олимпиада чемпионының да алғашқы ойындары сәтсіз өткен бо…

0
0
531

«Астана» баскетбол клубы осы жылғы маусымды қорытындылады

«Астана» клубы 2011 жылы құрылып, өткен жылы президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енді.

Сондай-ақ алғаш рет ВТБ біртұтас лигасының плей-офф кезеңіне өтті. Топтың бас бапкері Александр Трифумовичтің айтуынша, спортшылар келесі маусымға сақадай сай. Ендігі ретте «Еврочеллендж» халықаралық турнирына қатысу басты мақсат болмақ.

Айдар Махметов, «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы қамқорлық кеңесінің мүшесі:

- Осы үш жыл бойы жақсы нәтижеге қол жеткізді. Биыл 3-рет Қазақстан чемпионы атанды. Қазақстан кубогын 4 рет жеңіп алған.

0
0
285

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына шыққан балуандар анықталды

Қазақ күресінен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына қатысатын барлық балуандар анықталды. Ертең, 22 мамыр күні сағат 11:00-де Республикалық спорт колледжінің залында еліміздің ең үздік 33 балуанын таныстыру рәсімі өтеді. «Шығыс Барысы», 2013 жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров пен «Тараз Арланы», 2012 жылғы чемпион Бейбіт Ыстыбаев жобаның финалдық сынына қатарынан төртінші рет жолдама алып отыр. Еліміздің 16 аймағында республикалық додаға іріктеу кезеңі аяқталды. Төртінші маусымдағы іріктеу сыны көптеген тосын сыйларға толы болды. Атап айтар болсақ, жарыстың ардагер балуаны Мұрат Кеңтонов (Қостанай облысы) пен тұңғыш «барыс» Ұлан Рысқұл (Қызылорда облысы) финалдық сыннан сырт қалса, жарақатына орай Максим Гербер (Қостанай облысы) мен…

0
0
496

Головкиннің жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Лос-Анджелесте WBA тұжырымы бойыншы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлердің қатысумен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды kazsporttv.kz. Баспасөз мәслихатында Головкиннің келесі жекпе-жегі 26 шілдеде Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden (MSG) аренасында өтетіні белгілі болды. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді. Том Леффлердің айтуы бойынша, әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилдің өкілі Гэри Шоумен келіссөздер жүріп жатыр. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Головкинді австралиялық Джарод Флетчермен жекпе-жекке шығуға міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза еместігін білдіріп, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады. Том Леффлер 26 шілдеге жоспарланған жекпе-жектің өте…

0
0
238

Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді

Алматыда тұңғыш рет әскери қызметкерлер арасында бокстан 55-ші әлем чемпионаты өтеді. Спорттық шара Кеңес Одағының батыры, «Халық Қаһарманы», ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовты еске алуға арналады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «СЦКА» Спорт клубының баспасөз қызметінен хабарлады. «Сайыста әлемнің 25 елінің, атап айтқанда Колумбия, Франция, Бразилия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Ресей, Голландия, БАӘ, Кувейт, Тунис, Грузия, Ирак, Нигерия елдерінің белгілі спортшылары былғары қолғап түйістіреді. Қазақстанда мұндай ауқымды шара өткізу әскери спортшыларымыздың үлкен жетістігімен тікелей байланысты», — деді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, бокстан 55-ші әлем чемпионаты 26 мамыр мен 4 маусым аралығында «Достық» спорт кешенінде өтеді. Ашылу салтанатына ҚР Қорғаныс…

0
0
196

«Ақтөбе» айылын тартар емес

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он екінші турдың ойындары өтіп, ел біріншілігінің екінші айналымы басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл турда көпшілік назары Ақтөбедегі матчқа ауған болатын. Теңбіл доп мамандары осы турдағы ең қызықты ойын осы болады деп күткен еді. Бірақ «Ақтөбе» Қарағандыдан келген қонақтарын тас-талқан қылып, үстемдік танытты. Әрі 29 ұпаймен басты бәсекелестерінен қара үзді. Биылғы маусымда ала-құла ойын өрнегін көрсетіп жүрген «Шахтер» Ақтөбеде ойсырай ұтылып қана қоймай, бесінші орынға бір-ақ сырғыды. Қоржынында – 20 ұпай ғана. «Астана» өз алаңында оңтүстіктен келген «Ордабасыны» ұта алмай, пұшайман болды. Елордалықтар сол бұрынғысынша 22 ұпаймен екінші орында тұр. Бірақ көшбасшы ұзап, ізін басқан бәсекелестері тым жақын қалды. »Ордабасы» да өз орнын сақт…

0
0
332