Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты өтеді

Қарағандыда велоспорттан өтетін Азия чемпионатына дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың екінші кезеңі кеншілер ордасында өтеді деп белгіленген. Жарысқа Азияның 29 елінен 300-ге тарта спортшы қатысады. Астана мен Қарағандыда өтетін біріншілік үшін 200 миллионға жуық теңге қаражат жиналды. Азия велоспорт федерациясының бас хатшысы Қарағандыда веложарыстың жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Чой Бу Вунг,Азия велоспорт федерациясының бас хатшысы: — Ауа райы веложарыс өткізуге аса қолайлы деуге болады. Спортшылар үшін де ыңғайлы. Шаһарда велосипедке арналған жолдар да бар. Менің білуімше, Қарағанды көптеген олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарған.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/8037-ara-andyda

 
0
0
327

Осы тақырып бойынша

Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты өтеді - Yvision.kz