Бокстан Албаниядағы халықаралық дәстүрлі турнирге қатысқан жігіттеріміз де еліміздің абыройын асқақататып, үш алтын және бір күміс жүлде олжалады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Хабаровскіден 9 медаль (2 алтын, 4 күміс, 3 қола) еншілеп, Ташкентте ең ауыр салмақта жеңімпаз атанған Қазақстан боксшыларының жеңісті жолы Албанияда да жалғасын тапты. Осы елдің Шкодер деген қаласындағы XI халықаралық «Влазниа мемориалы» турниріне қатысқан шағын ғана құрамымыз (бес боксшымыз) үш алтын, бір күміс медаль жеңіп алды. Албаниядағы дәстүрлі турнирге біздің бес боксшымызды Александр Стрельников бастап барған болатын. Қатысушылар аса көп болмапты. ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жеті мемлекеттен 28 былғары қолғап шебері бақ сынаған. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…