Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

КИКБОКСИНГ: 14 қызылордалық спортшының 9-ы жүлделі оралды

Кикбоксингтен еліміздің жасөспірімдер құрама командасы Шымкент қаласында аяқталған Қазақстан біріншілігінен 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальді олжалап қайтты, деп хабарлады облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 2000-2001, 2002-2003 жылдары туылған 350-дей спортшы қатысты. Қызылорда облысынан қатысқан 14 спортшының 9-ы жүлдемен қайтты. Сайыс кикбоксингтің фул-контакт жүйесі бойынша өткізілді. Нәтижесінде 36 келі салмақ дәрежесінде Ерсұлтан Гажден (2000 ж.), 30 келіде Диас Қарменов (2002 ж.) алтыннан алқа тақты. Ал 39 келіде өнер көрсеткен Данияр Омар (2000 ж.) осымен үшінші рет ел чемпионы атанды. 14 жас аралығында 57 келіде Мұхаммед Бекпенбет пен 60 келіде Ербол Серғалиұлы күміс жүлдені иеленсе, 27 келіде Диас Иманмуса (2003 ж.),…

0
0
199

Қазақстандық «Керуен» мотошеруі Парижге жетті

2014 жылдың 11 маусымында Париж қаласында өтіп жатқан Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155-сессиясында EXPO-2017 көрмесінің туы Қазақстанға ресми түрде табыс етілу салтанатына орай Франция астанасына қазақстандық «Керуен» мотошеруінің қатысушылары да келіп жетті. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. 21 мамыр 2014 жылы Астана Экономикалық форумы кезінде сапарға аттанған мотошеру мақсаты — Қазақстанның имиджін, «G-global» жобасы мен Астана ЭКСПО-2017 арнайы көрмесін насихаттау. Мотошеру 39 күнге жоспарланып, Астанаға — шілденің 6-сы — Елорданың туған күні қарсаңында қайтып оралады деп күтілуде. Оған дейін Швейцария, Италия, Румыния, Түркия, Грузия және Ресей аумағындағы 10 мың шақырымдық жол бар. Мотошерудің негізгі мақсаты — төрт…

0
0
244

«Джиро д’Италия» жүлдегері Фабио Ару Қазақстанға ат басын тіремек

«Джиро д’Италия» көпкүндігінің жүлдегері «Астана» велоклубының велошабандозы итальяндық Фабио Ару Қазақстанға келеді, деп хабарлайды велокоманданың баспасөз қызметі.

Ару 19 маусым күні Астанада болады. Велошабандоз клубтың бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» компаниясының басшылығымен, сонымен қатар «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының жетекшілерімен, Қазақстанның велоспорт федерациясымен, Astanafans мүшелерімен кездеседі деп жоспарлауда. Сондай-ақ спортшы қазақстандық жас спортшыларға шеберлік сыныптарын өткізеді. 20 маусымда велошабандоз Алматыға барады.

Еске сала кетейік, «Астана» қазақстандық велоклубының мүшесі Фабио Ару «Джиро д’Италия» көпкүндігінде үшінші орын алған болатын.

 
Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
321

Головкин әлі ешкімді 100 пайыз күшімен ұрған жоқ — Абель Санчес

WBA нұсқасы бойынша (Super) орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы 26 шілдеде АҚШ-та осы салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы 33 жастағы австралиялық боксшы Дэниэл Гилмен болатын сайыста өз атағын қорғайды. Осы алдағы кездесу жайында Геннадийдің бапкері Абель Санчес өз ойларын ортаға салған еді. «Мен бапкер ретінде, Дэниэл Гил туралы уайым жемеймін, мен Головкинді уайымдаймын, — деді Санчес ESNEWS порталына берген сұхбатында, — Егер де мен Головкинді рингке нағыз бабында шығара алсам, онда Гил бола ма, басқа бола ма бізге қарсы тұра алмайды. Гилдің артықшылықтары көп, кемшілігі аз. Бірақ егер Геннадий Головкин бар күшін салса, онда Гилдің рингте не істеп, не қоятыны біз үшін маңызды болмай қалады. Бәлкім маған сенбессізде…

0
0
344

Қанат Ислам WBA рейтингісінде жоғары көтерілді

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) мамыр айында жасалған рейтингісінде жоғары көтерілді.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған тізімде Қанат Ислам 11-орыннан 9-орынға жылжыған. Айта кетейік, жерлесіміз мамыр айында Колумбияда жергілікті боксшы Франциско Кордеромен кездескен болатын. Жекпе-жекті 3 раундта аяқтап тастаған Қанат әлемнің ең тегеурінді боксшы деп танылды. Ол өзінің 17 кездесуінің бәрінде де жеңіске жетіп, оның 14-інде қарсыласын нокаутқа жіберген.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
179

Алматыда таэквондодан өтетін «Федерация кубогы» жаңа форматта ұйымдастырылады

Алматыда 11 маусым күні таэквондодан өтетін «Федерация кубогы» жаңа форматта ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның таэквандо федерациясының президенті Вячеслав Ким мәлімдеді. Оның айтуынша, «Федерация кубогы» — бұл аты өзгертілген бұрынғы Қазақстан кубогы турнирі. «Біз бұл жарысқа ерекше дайындықпен келдік. Осы турнирден кейін таэквандодан ұлттық құрама команданың құрамы біршама жаңаратын болады. Өйткені аталмыш турнир республикалық мәртебеге ие. Енді еліміздің бас командасына ену үшін спортшылар Қазақстан чемпионатына, Бүкіләлемдік Гран-при сериясына және осы «Федерация кубогына» қатысып, жүлделі орындардан көрінулері тиіс. Біздің басты көздеп отырған мақсатымыз — таэквондодан ұлттық құрама командаға тек мықтыларды ғана қабылдау», — д…

0
0
250

Алматыда Халықтық спорт түрлері бойынша республикалық турнирдің іріктеу жарысы басталды

Алматыда «Динамо» спорт кешенінде Халықтық спорт түрлерінен ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың кубогы үшін республикалық турнирдің іріктеу жарысы басталды. «Бүгінгі сайысқа 150-ге тарта адам қатысуда. Олардың ішінде қала тұрғындары, жоғары оқу орындарының студенттері және әр түрлі мекемелердің қызметкерлері бар. Талап бойынша қатысушылардың жасы 18-ден кем болмауы тиіс. Жеңімпаздарға грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Сонымен қатар, олар осы алдағы шілде айында өтетін жалпы қалалық турнирге жолдама алады. Ал ол турнирде жеңіске жеткендер, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Өскеменде болатын ақтық сынға қатысады», — деді өз сөзінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, осы турнирдің үйлестірушісі Олжас Серікұлы. Бәсекеге қат…

0
0
1662

Алматыда ауыр атлетикадан өтетін ӘЧ-да бізді тартысты ойындар күтіп тұр — Аттила Адамфи

5-8 маусымда IWF бас директоры Аттила Адамфидің басшылығымен Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сарапшылары Қазақстан ауыр атлетика федерациясының және Алматы қаласының әлем чемпионатын өткізуге деген әзірлігіне техникалық инспекция жүргізді, деп хабарлайды ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Чемпионат Алматы қаласында 4-16 қараша аралығында өтеді. Турнирдің ерекшелігі — 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиялық ойындарға лицензиялық дода болуында. Осы себепті жарысқа әлемнің 500-ден астам спортшысы қатысады. «Қазақстан әлемде ауыр атлетика бойынша көшбасшылардың бірі саналады. Лондонда өткен олимпиялық ойында бұған көзіміз жетті. Қазақстандық федерация Жанат Түсіпбековтың басшылығымен жігерлі, кәсіби ұйымдастыру комитетін құрды. Сондықтан чемпионат жоғары деңгейде…

0
0
471

Қызылордалық гимнастшылар 12 жүлде жеңіп алды

Жамбыл облысында көркем гимнастикадан өткен ашық чемпионатта Сыр елінің гимнастшылары 5 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Аталмыш біріншілікке Алматы қаласы, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық гимнастшылар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жекелей көріністе Құралай Сапар, Гүлден Бердібек (екеуі де 2006 ж.), Дана Садықова (2004 ж.), Мәриям Тұрғанбай (2007 ж.) бас жүлдені жеңіп алды. Ал топтық көріністе 2004-2005 жылы туған спортшылардың мерейі үстем болды. Жекелей көріністен Айжан Қуандықова (2003 ж.), Ольга Тян, Динара Шамсудин (екеуі де 2007 ж.) және 2001-2002 жылы туылған спортшылар топтық жаттығудан күміс жүлден…

0
0
266

«Милан» ФК-ның бас бапкері ауысты

Филиппо Индзаги «Милан» итальяндық футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, ол Кларенс Зеедорфтың орнын басты.

Индзаги «Миланмен» 2016 жылғы маусымға дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлады итальяндық команданың баспасөз қызметінен.

Зеедорф «Миланның» бас бапкері болып биылғы қаңтарда тағайындалған. Онымен келісімшарт 2016 жылдың маусымына дейін жасалған болатын.

Оның алдында клубты дағдарыстар алып шығу міндеті қойылған еді, «Милан» клубы маусымының басынан-ақ ашық түрде құлдырап кетті. Бұрын бас бапкер ретінде тәжірибесі жоқ Зеедорф клубты бұдан алып шыға алмады.

Айта кетейік, Индзаги «Миланның» жасөспірімдер командасының бірін басқарған еді, ал бір жылдан соң клубтың жастар командасының бапкері атанды.

 
Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
257