Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жанкүйерлер Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды

Жанкүйерлер Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter арқылы таңдайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Twitter-де дауыс беру ӘЧ-2010-мен салыстырғанда дауыс берушілердің санын көбейтеді деп күтілуде. Себебі  2010 жылы ОАР жерінде өткен әлем чемпионатында дауыс беру Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сайтында ғана жүргізілген болатын.

Еске сала кетейік, Бразилиядағы әлем чемпионаты 12 маусым — 13 шілде аралығында өтеді.

Әлем чемпионатының үздік футболшылары:

ӘЧ-1982 - Паоло Росси (Италия);
ӘЧ-1986 - Диего Марадона (Аргентина);
ӘЧ-1990 - Сальваторе Скиллачи (Италия);
ӘЧ-1994 - Ромарио (Бразилия);
ӘЧ-1998 - Роналдо (Бразилия);
ӘЧ-2002 - Оливер Кан (Германия);
ӘЧ-2006 - Зинедин Зидан (Франция);
ӘЧ-2010 - Диего Форлан (Уругвай).

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
201

Сәпиевтің үшінші қызы дүниеге келді, ал Дычко үйленді

Қазақстандық боксшылардың шаңырағында үлкен қуаныш. Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің отбасында үшінші қыз дүниеге келді. Спортшының отбасы әзірше сәбидің есімін атаған жоқ, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Сонымен қатар, ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко шаңырақ құрды. Ол Марина есімді қызды өмірлік жары етіп таңдаған. Спортшы той аяқталысымен шетелде өтетін оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
493

Зарина Дияс Ноттингемде турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Астана уақытымен жұмадан сенбіге қараған түнде Ноттингемдегі жүлде қоры 75 мың долларлық ITF сериясы турнирінде жекелей разрядта финалға шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Жартылай финалда Дияс Портуғалия өкілі  Мишель Ларшер де Бритоны 6:2, 7:5 есебімен ұтты. Қазақстандық спортшының финалдағы қарсыласы жартылай финалда турнирдің сегізінші ракеткасы — британдық Джоханну Контуды 6:3, 7:5 есебімен жеңген чех теннисшісі  Кристина Плискова.

Өткен жылғы Куала-Лумпурдегі турнирде Дияс чех теннисшісі Плисковадан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
263

Қазақстандық боксшы Роман Жайлауов Австралияда чемпиондық титулға таласады

Қазақстандық жас боксшы Роман Жайлауов 5 шілдеде Австралияда өзінің кезекті жекпе-жегін австралиялық Кэмерон Хаммондпен өткізеді. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиты бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтында хабарланды. 10 раундтық додада WBC нұсқасы бойынша жартылай орта салмақ дәрежесінде EPBC чемпионы титулы тігіліп отыр. Атап айтқанда, қос боксшы да кәсіби шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Қазақстандық боксшы 12 жекпе-жекті жеңіп, оның 8-ін нокаутпен аяқтаса, К.Хаммон 9-ында үздік атанып, төртеуін мерзімен бұрын тәмамдады. Айта кетейік, Роман Жайлауов елордалық бокс мектебінің тәлімгері, спорт шеберіне кандидат. Өткен жылғы мамырда ол Азия чемпионы титулын жеңіп алды. Әр жылдары бокстан Қазақстанның біріншіліктерінде күміс жүлдегер және чемпион атанып жүрді. Автор: Руслан Ғаббасов Басты сөздер…

0
0
351

Футбол: Испания депутаттары ӘЧ-да құрама жеңісі үшін төленетін сыйақы көлемін сынға алды

Испания Парламентінің депутаттары Бразилиядағы Әлем чемпионатында құрама футболшылары жеңіске жеткен жағдайда оларға төленетін сыйақы көлемін сынға алып отыр. Атап айтқанда, депутаттар Испания құрамасының футболшылары өткен жолғыдай чемпионатты жеңсе, әр ойыншыға 720 мың еуро (980 мың доллар) көлемінде бонус төленеді деген хабарламаға наразылық білдірді. 2010 жылғы Әлем чемпионатында испандық футболшыларға 600 мың еуродан берілген еді. Парламентарий Хосеп Энтони Дуран Twitter-дегі парақшасында Испания чемпиондық титул үшін өзінің құрамасына Германия футболшыларына қарағанда екі еседен астам сыйақы берітінін атап өткен. «Сонда біз Германиядан екі есеге бай болғанымыз ба?» — деп таңданып отыр ол. Мәселен, Германия құрамасының ойыншылары әлем біріншілігінде жеңіске жетсе, әрқайсысы 300 мың е…

0
0
261

«Критериум дю Дофине» көпкүндігінің бірінші кезеңінде «Астана» шабандозы итальяндық Винченцо Нибали 8-ші қатардан көрінді

«Критериум дю Дофине» көпкүндігінің бірінші кезеңінде жекелей сайыста британдық «Sky» шабандозы Кристофер Фрум жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz. Екінші орында испандық «Tinkoff-Saxo» шабандозы Альберто Контадор, Люксембургтен Боб Юнгельс және «Trek» үздіктер үштігін тұйықтады. Қазақстандық «Астана» шабандозы итальяндық Винченцо Нибали 8-ші қатардан көрінді.«Критериум дю Дофине» 1-кезең, Лион, Франция10,4 шақырымға жекелей сайыс 1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Sky») — 13:13 2. Альберто Контадор (Испания, «Tinkoff-Saxo») — +0:08 3. Боб Юнгельс (Люксембург, «Trek») — +0:11 8. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +0:13 24. Якуб Фуглсанг (Дания, «Астана») — +0:19 30. Льюв Вестра (Нидерланды, «Астана») — +0:22 32. Андрей Гривко (Украина, «Астана») — +0:23 45. Танел Кангерт (Эстония, «Аст…

0
0
179

«Атырау» ФК қатары Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы Доминик Адийямен толықты

«Атырау» футбол клубының қатары 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы Доминик Адийямен толықты.

«Атырауға келіп үлгерген Доминик Адийя 24 жаста. Ол бұрынғы Гана құрамасының шабуылшысы, кезінде 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлем чемпионатының үздік шабуылшысы болып танылған. Норвегияда, Италияда, Сербияда, Түркияда және Украинада ойнады», — деп атап өтті «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметі.

 
Басты сөздер: СпортАтырау облысы
АТЫРАУ. ҚазАқпарат
0
0
268

Месси әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) «Барселона» мен Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Мессиді әлемдегі ең қымбат футболшы деп атады. Футбол нарығын зерттеуге арналған жыл сайынғы есепте Мессидің құны 200,2 млн. еуродан 232,6 млн. еуроға дейін жететіні жазылған. Рейтингтегі екінші орынға мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду лайық деп танылды. Ол 105,7 млн. еуро — 122,9 млн. еуро шамасында бағаланды. Үздік үштікті «Ливерпульдің» және Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес тұйықтады. CIES есебінше оның құны 98,5 млн. еуродан 114,5 млн. еуроға дейін. Үздік ондыққа сондай-ақ Эден Азар («Челси»), Неймар («Барселона»), Поль Погба («Ювентус»), Гарет Бейл («Реал»), Месут Озил («Арсенал»), Эдинсон Кавани («Пари Сен-Жермен») және Марио Гетце («…

0
0
602

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде алты сатыға төмен түсті

Бүгін ФИФА әлемдегі ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстанның ұлттық жасағы ранг туралы жаңартылған әлемдік табелде алты орынға төмен түсті. Сөйтіп ФИФА рейтингінде 124-орынды иеленді. Рейтингті бұрынғыша Испания құрамасы бастап келеді, екінші орында әлі де Германия, үшінші орынға Бразилия құрамасы көтерілді. ФИФА рейтингі (2014 жылғы 5 мамыр): 1 (1). Испания — 1485 ұпай 2 (2). Германия — 1300 3 (4). Бразилия — 1242 4 (3). Португалия — 1189 5 (7). Аргентина — 1175 6 (8). Швейцария — 1149 7 (6). Уругвай — 1147 8 (5). Колумбиа — 1137 9 (9). Италия — 1104 10 (11). Англия — 1090 16 (17). Украина — 915 19 (18). Ресей — 893 38 (33). Армения — 682 59 (53). Өзбекстан — 539 82 (83). Беларусь — 397 83 (85). Әзербайжан — 396 96 (103). Грузия — 349 98 (93). Эстония — 343 101 (99). Мо…

0
0
255

Голубев пен Грот «Ролан Гаррос» турнирінің ақтық сынына өте алмады

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев пен аустралиялық спортшы Сэмюэл Грот Франция ашық біріншілігінің жұптық сынында финалға алар жолдамадан қағылды.

Жартылай финалда олар франциялық Жюльен Беннето- Эдуар Роже-Васлен жұбынан 6:3, 3:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды. Кездесу 1 сағат 46 минутқа жалғасты. Андрей Голубев Ролан Гаррос турнирінде жарысты жалғастырып келе жатқан соңғы қазақстандық болатын.

Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген. Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
210