Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

ӘЧ-2014: Қазақстандық телеарналардың 16-22 маусым аралығындағы матчтарға трансляция кестесі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақпарат осы аптада — 16-22 маусым аралығында өтетін ӘЧ матчтары және оларды көрсететін қазақстандық телеарналардың трансляция кестесін ұсынады. Оқиға/Ойын «Қазақстан»ұлттық арнасы «Еуразия» біріншіарнасы «KAZsport» матч №9 ШВЕЙЦАРИЯ — ЭКВАДОР (қайталау) 16 маусым (дүйсенбі) 12:30 матч №10 ФРАНЦИЯ — ГОНДУРАС (жазба) 16 маусым (дүйсенбі) 15:30 Матч №11 АРГЕНТИНА — БОСНИЯ жәнеГЕРЦЕГОВИНА (қайталау) 16 маусым (дүйсенбі) 18:30 матч №13 ГЕРМАНИЯ — ПОРТУГАЛИЯ 16 маусым (дүйсенбі) 21.40 №13 ГЕРМАНИЯ — ПОРТУГАЛИЯ шолу 16 маусым (дүйсенбі) 00.05 Матч №12 ИРАН — НИГЕРИЯ 16 маусым (дүйсенбі) 00.15 16 маусым (дүйсенбі) 00.15 №12 ИРАН — НИГЕРИЯ шолу 16 маусым (дүйсенбі) 03.05 матч №14 ГАНА - АҚШ 16 маусым (дүйсенбі) 03.40 №14 ГАНА - АҚШ шолу 16 маусым (дүйсенбі) 06.05 Матч №12 И…

0
0
326

Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация кубогының иегері атанды

Елімізде бірінші мәрте ұйымдастырылған федерация кубогы ойындарында Қызылорда облысының құрама командасы жарыстың К-5 жаңа бағдарламасы бойынша командалық есепте 1-орынды иеленіп, 1 млн. теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды. Команда құрамында 54 келіде Дархан Садықов (№2ОМБЖОРМ), 63 келіде Ербол Бейсенбай (спорт интернат), 72 келіде Асылбек Абзалов, +87 келіде Сергей Пак (екеуі де ЖСШМ) және 84 келіде Бағдат Әбдірахмановтар (№1ОМБЖОРМ) өнер көрсетті. Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, Атырау облысының спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қаласында 10-15 маусым аралығында таэквондодан ерлер мен әйелдер арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирі өтті. Оған еліміздің барлық өң…

0
0
266

Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» футбол клубының жаңа құрамымен кездесті

Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың «Ақтөбе» футбол клубының жаңартылған құрамымен кездесуі өтті. Кездесуде команданың 4 жаңа мүшесі таныстырылды. Олармен келесімшартқа маусым айында қол қойылған еді. Олардың арасында 1984 жылы туған қақпашы Алмат Бекбаев бар, бұрын ол Қазақстанның футбол клубтарының құрамында болған. Сонымен бірге жаңа келгендердің арасында Бразилиядан қорғаушы Андерсон Сантана дос Сантос бар. Осыған дейін ол «Черноморецтің» құрамында ойнаған. «Ордабасыдан» жартылай қорғаушы Евгений Левин, «Черноморецтен» шабуылдаушы Алексей Антонов ауысқан. Аймақ басшысы командаға ойыншылардың қосылуы қажетті шара және жаттықтырушылар құрамының міндеті команда құрамындағы жаңа ойыншылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану екенін атап өтті. «Команда әрқашан болашақ…

0
0
251

Бразилия — Хорватия кездесуінің бірінші таймы аяқталды

Сан-Паулу-Астана. ҚазАқпарат — Футболдан әлем біріншілігінің ашылу ойыны — Бразилия мен Хорватия құрамалары арасындағы ойынның бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Ойынның 11-минутында алаң иелері автогол салып, хорваттар алға шықты. Атап айтсақ, Бразилия құрамасының қорғаушысы өз қақпасына абайсызда доп енгізіп алды.

Бұл қателіктерінің орнын жабу үшін алаң иелері шабуылды үдете түсіп, нәтижесінде 20-минутта есеп теңесті. Голдың авторы Неймар. Қазіргі сәтте қос команда ойыншылары 15 минуттық үзіліске шықты.

0
0
190

ӘЧ-2014: Мундиальдiң алғашқы матчында Неймар Бразилия құрамасына жеңiс әкелді

Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хорватияны 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi. Алғашқы голды 11-минутта Бразилия құрамасының ойыншысы Марселло өз қақпасына дарытып алған болатын. Бұл олқылықтан кейiн алаң қожайындары хорватиялықтардың қақпасына лап қойды. Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 27-минутта Плетикоса қорғаған қақпаға доп дарытты. Бiрiншi таймда ойыншылар 1:1 есебiмен демалуға аттанды. Екiншi кезеңде ойынның 71-минутында Неймар пенальтиден гол салып, алаң иелерiн алға шығарды. Ал ойынның аяқталуына сәл қалғанда бразилиялық ұжымның тағы бiр ойыншысы Оскар хорватиялықтардың қақпасына үшiншi голды тоғытып кеттi, қорытынды есеп — 3:1. Айта кетейiк, матч Сан-Паулу қаласында «Арена Коринтианс» стадионында өттi. Ертең чемпионаттың үш матчы болады. Кам…

0
0
169

Криштиану Роналду жаттығу кезінде жарақаттанып қалды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду команданың жаттығуы кезінде сол тізесінен жарақаттанды.  Бұл туралы Goal хабарлайды

29 жастағы футболшы алаңнан аяғын сылти басып шықты. Әзірге жарақатының қандай деңгейде екендігі айтылмай отыр.

Егер жарақатынан жазылмаған жағдайда оны басқа футболшы ауыстыруы мүмкін. Ереже бойынша  бұл мәселе 15 маусымға дейін шешілуі тиіс.

Еске сала кетсек, Бразилиядағы  әлем чемпионатында Португалия топтық  раундта Германиямен  (16 маусым), АҚШ-пен  (23 маусым)  Ганамен (26 маусым)  ойнауы тиіс.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
422

Неймар: «Дубль авторы атанғаныма қуаныштымын

Әлем чемпионатының алғашқы матчы — Бразилия-Хорватия (3:1) кездесуiнде дубль авторы атанған бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның қортынды есебiне және өзiнiң екi голына қанағаттанатындығын жеткiздi. «Бұл ашылу матчтарының ең кереметi болды», — деп келтiредi ESPN Неймардың сөзiн. — Бiз жеңiске қатты ұмтылдық. Мен екi голдың авторы атанғаныма қуаныштымын. Екi гол да, сiздер байқасаңыздар, бiртүрлі соғылды. Бiрiншiсінде мен доп қорғаушының екi аяғының ортасынан өтiп кетсе екен деп едім, бiрақ соққы тым әлсiз едi. Дегенмен, бастысы гол болды. Мен пенальти соғар алдында көңiлiмдегi алаңдаушылықты қалай баса бiлдiм? Барлығы тәжiрибеге байланысты. Расымен, қақпашы менi аздап шошытты, бiрақ доп қақпаға дарыды. Айта кетейiк, Футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчында Бразилия құрама командасы Хо…

0
0
260

Алматыда таэквондодан «Федерация Кубогы» турнирі басталды

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында WTF таэквондодан «Федерация Кубогы» республикалық турнирі басталды. «Бұл жарыс жоғары деңгейде өткізіледі деген ойдамыз. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 270 жуық спортшы қатысуда. Турнир басталып кетті. Ал ресми ашылу салтанаты сағат 15:00-те болады. Бұл бәсекенің бір ерекшелігі, бұрын жарыстарда төрт бұрышты доянг, яғни төсеніш қолданылып келсе, бұл жолы жаңа ережеге сәйкес, тұңғыш рет сегіз бұрышты доянгты қолданып жатырмыз. Ол таэквондошылардың көбірек қимыл-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Турнирдің әділ өтетіндігіне сенемін. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады» — деді өз сөзінде таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы, Қазақстанның таэквондо федерациясының спорттық директоры, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман Шыл…

0
0
394

Селин мен Оразбаев Қазақстан хоккей құрамасынан шеттетілді

Бүгін Астанада Қазақстанның хоккей федерациясында атқарушы комитеттің 2013 жылғы қортындыларын талқылауға арналған отырыс өткізілді, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Атқарушы комитеттің мүшелері Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин мен бас менеджері Нұрлан Оразбаев Минскіде болған әлем чемпионатындағы команданың ойыны жайында есеп берді. Талқылау барысында комитет мүшелері жасалған жұмысты бірауыздан «қанағаттанарлықсыз» деп шешті және бас менеджердің басшылығымен жұмыс істеп келген бапкерлік штабтың отставкасын қабылдады.

Айта кетейік, Оразбаев пен Селин «Барыс» хоккей клубында президент және бас бапкер ретінде жұмыстарын жалғастыруда.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
295

ФИФА басшысы 2015 жылы отставкаға кетеді

Сан-Пауладағы кездесу барысында еуропалық футбол шенеуніктері ФИФА басшысы Йозеф Блаттердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау туындауына байланысты келесі жылы отставкаға кетуін талап етті. Олардың айтуынша, мұның бәрі ұйымның беделін төмендеткен, деп хабарлады Би-би-си. Голландиялық футбол қауымдастығының басшысы 78 жастағы Михаэль ван Прааг Блаттер 2015 жылы ФИФА президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынып қажеті жоқ, деп мәлімдеді. Англиядағы Футбол қауымдастығының президенті Грег Дайк Катарды 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу елі ретінде сайлауына байланысты нәсілшілдікке салынып сыбайлас жемқорлық жасады деп айыптады деген Блаттердің сөзін сынға алды. Блаттер Сан-Паулада өткен ФИФА конгресінде УЕФА өкілдерімен кездесті. Ол бес басқа футбол конфедерациясынан қолдау күткен.…

0
0
190