Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация кубогының иегері атанды

Елімізде бірінші мәрте ұйымдастырылған федерация кубогы ойындарында Қызылорда облысының құрама командасы жарыстың К-5 жаңа бағдарламасы бойынша командалық есепте 1-орынды иеленіп, 1 млн. теңге ақшалай сыйлықты жеңіп алды.

Команда құрамында 54 келіде Дархан Садықов (№2ОМБЖОРМ), 63 келіде Ербол Бейсенбай (спорт интернат), 72 келіде Асылбек Абзалов, +87 келіде Сергей Пак (екеуі де ЖСШМ) және 84 келіде Бағдат Әбдірахмановтар (№1ОМБЖОРМ) өнер көрсетті. Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, Атырау облысының спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты. Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласында 10-15 маусым аралығында таэквондодан ерлер мен әйелдер арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен  250 спортшы қатысты.

Ал жекелей есепте 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ) алтыннан алқа тақса, 46 келіде көкшоқылық Гүлмарал Ибрагимова қола жүлдені еншіледі.

Спортшылардың осындай жеңіске жетулеріне бапкерлері Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан және Руслан Тілеулиевтің қосқан үлестері зор.

   
Басты сөздер: Қызылорда облысыСпорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
267

Осы тақырып бойынша

Қызылордалық спортшылар таэквондодан Федерация кубогының иегері атанды - Yvision.kz