Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» футбол клубының жаңа құрамымен кездесті

Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың «Ақтөбе» футбол клубының жаңартылған құрамымен кездесуі өтті.

Кездесуде команданың 4 жаңа мүшесі таныстырылды. Олармен келесімшартқа маусым айында қол қойылған еді. Олардың арасында 1984 жылы туған қақпашы Алмат Бекбаев бар, бұрын ол Қазақстанның футбол клубтарының құрамында болған. Сонымен бірге жаңа келгендердің арасында Бразилиядан қорғаушы Андерсон Сантана дос Сантос бар. Осыған дейін ол «Черноморецтің» құрамында ойнаған. «Ордабасыдан» жартылай қорғаушы Евгений Левин, «Черноморецтен» шабуылдаушы Алексей Антонов ауысқан.

Аймақ басшысы командаға ойыншылардың қосылуы қажетті шара және жаттықтырушылар құрамының міндеті команда құрамындағы жаңа ойыншылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану екенін атап өтті.

«Команда әрқашан болашақ үшін жұмыс істейді. Левин, Мирошниченко, Тагирбергенов — бұлар біздің команданың болашағы, олар болашақ үздіктер. Бірінші айда футболистердің команда құрамына үйреніп, алдағы ойындарға дайындалулары қажет», — деді әкім.

«Бүгіннен бастап бір топта дайындықты бастаймыз. Алда тұрған міндет те, қарсылас та оңай емес. Жаңа ойыншылардың келуімен ойында шабуылды да, қорғанысты да күшейтеміз деген үміттеміз», — деп атап өтті жаттықтырушы Владимир Никитенко.

Басты сөздер: СпортАқтөбе облысыӘкім
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат
 
0
0
252

Осы тақырып бойынша

Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» футбол клубының жаңа құрамымен кездесті - Yvision.kz