Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Колумбиялық Хамес Родригес ең үздік шабуылшы атанды

Колумбиялық Хамес Родригес

Колумбия құрама командасының футболшысы Хамес Родригес 2014 жылы Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанып, «Алтын бутсы» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлады «ИТАР-ТАСС».

Колумбиялық ойыншы 23 жасында әлем чемпионатында 6 гол салған тарихтағы екінші футболшы атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 1958 жылы 17 жасында даңқты Пеле жеткен болатын.

Еске сала кетейік, Колумбия құрама командасы Әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетіп, Бразилиядан 2:1 есебімен ұтылған болатын.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
263

Қазақстандық дзюдошылар Германияда өткен Еуропа кубогында 6 медаль еншіледі

Дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасы Германияның Зиндельфинген қаласында өткен Еуропа кубогында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлады спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.

«Қорытынды күнде Ермек Имамбековтің командасы тағы үш медаль еншіледі. Самат Есен (90 келі), Әзиз Қалқаманұлы (90 келі) және Ержан Шынкеев (+100 келі) қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық татами шеберлерінің еншісіне 6 медаль бар», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа кубогының алтын медалін 73 келіге дейінгі салмақ санатында белдескен Азамат Мусин жерлесі Сергей Лимды жеңіп алған болатын. Ал 66 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Елдос Сметовтің қанжығасында қола медаль бар.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
246

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа лигасының екiншi кезеңiне өттi

Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде Арменияның Гюмри қаласының «Ширак» командасын өз алаңында 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп жазады Sports.kz. Виктор Кумыковтың шәкірттері ойын басталысымен-ақ өздерінің басым екендіктерін айқын аңғартты. Всеволод Ермаковтың қақпасын дүркін-дүркін шабуылдаған олар нәтижені сәт санап еселей түсті. Жанкүйерлер күткендей, кеншілер қаласының командасы өз жерінде сырт алаңдағы матчына қарағанда әлдеқайда жоғары ойын өрнегін көрсете білді. Кездесудің екінші кезеңі басталысымен екі ойыншыны алмастырған армяндықтардың бұл әрекеті еш нәтиже бермеді. Еске сала кетейiк, Гюмри қаласында өткен алғашқы матч 2:1 есебiмен «Шахтердiң» пайдасына шешiлген болатын. Қарағандылық команданың келесі қарсыласы «Дифферданж» (Люксембург) — «Атлантас» (Литва) к…

0
0
248

Еуропа лигасы: Келесi кезеңде «Астана» футболшылары Хапоэльге қарсы тұрмақ

Қазақстанның «Астана» футбол клубы бүгiн Еуропа лигасының алғашқы раундында армениялық «Пюник» командасын тiзе бүктiрдi.

«Астана Арена» стадионында өткен матч 2:0 есебiмен аяқталды. Гол авторлары: Бауыржан Жолшиев, Дмитрий Шомко.

Ереванда өткен бiрiншi матчта «Астана» өз қарсыластарын 4:1 есебiмен ойсыратқан болатын. Осылайша, жалпы есеп бойынша — 6:1.

Ендi команда Еуропа лигасының екiншi кезеңiнде Тель-Авивтiң «Хапоэль» клубымен ойнайды.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
329

ӘЧ-2014: Бразилия тарихындағы ең ірі жеңілістен соң ел заңдарына өзгерістер енгізілмек

Футболдан мұндай ірі жеңілісті енді болдырмау үшін мемлекет осы спорт түрінің дамуына көбірек қолдау көрсетуі тиіс, деп мәлім етті Рио-де-Жанейрода Бразилияның спорт министрі Алдо Ребело. Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалған еді. Қазір аталмыш ел бұл жеңілістің себеп-салдарын жан-жақты іздестіруге белсене кірісіп те кетті. Олардың қатарында жергілікті футбол клубтарының шешілмей жатқан көптеген мәселелерінің болуы мен сапалы инфрақұрылымның жоқтығы аталуда. «Германия құрамасынан жеңіліп қалуымыз футбол саласына өзгерістер енгізу қажеттігімізді көрсетіп отыр. Бізге жаңа стадиондар мен жаттығу орталықтарын салу керек», — деді министр. Халықаралық Футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) ережесі бойынша мемлекет ұлттық федерациялард…

0
0
229

Бүгін журналистер арасында шахматтан турнир өтеді

11 шілде күні Жансая Әбдімәліктің Алматы қаласындағы шахмат академиясында «Қазақ газеттерінің» 15 жылдығына орай «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының жүлдесі үшін журналистер арасында дәстүрлі шахмат турнирі өтеді. Турнирге сайт арқылы және телефонмен хабарласқандар алдын ала жазылды. Әзірге барлығы 26 адам тіркелді. Олардың ішінде «Тенгри» журналынан — Т.Әбдрахимов, «Би-ньюс» порталынан — Н.Рамазанова, «Заң» газетінен — Б.Әшірбаев, О.Сахидәулетұлы, ҚазҰТУ-дан- Д.Кұмар, Б.Кәкімұлы, С.Рахымбеков, Т.Бегімов, «Қазақ спорты» газетінен — З.Жекейұлы, «Казахстанская правда» газетінен — В.Масин, ардагерлер Ғ.Тәшімбай, Ж.Әнесұлы, «Ақиқат» журналынан А.Әлім, Ә.Бәкіров, «На страже» газетінен — Т.Жалмұхамед, Қазақ радиосынан — А.Жоламанов, «Қазақ газеттерінен» Ф.Нәлібаев, «Ұйғыр авази» газетінен — И.Ба…

0
0
429

ӘЧ-2014: Бразилия құрамасының бас бапкерінің орнын Тите басуы мүмкін

«Коринтианс» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Аденор Леонардо Бакки Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколаридің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ол спорттық ортада Тите деген лақап есімімен танымал.

Айта кетейік, сейсенбі күні Бразилия құрамасы Германия командасынан 1:7 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін аталмыш команданың жетекшісі Луис Фелипе Сколари өз болашағына қатысты шешімді әлем чемпионаты аяқталған соң қабылдайтынын жеткізген еді.

Ал бұдан бұрынырақ Бразилия футбол конфедерациясының вице-президенті Делфим Пейшото «Сколари дөрекі қателіктерге жол бергені үшін» ел құрамасынан кетуі тиіс, деген болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
212

ӘЧ-2014: Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Аргентина мен Нидерланды құрамалары кездесу өткiздi.

Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi. Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп — 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
135

Винченцо Нибали: «Қарсыластарымнан қара үзіп кетемін деп ойлаған жоқпын»

Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 5-ші турынан кейін негізгі қарсыластарын шаң қаптырып, жалпы есептегі көшбасшылығын нығайтатынын ойламаған. Бұл туралы ол бүгін тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті. Мұның алдында хабарлағанымыздай, «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали және оның командаласы Якоб Фульсанг бұл турда 2-ші және 3-ші орындарда келген болатын. Осы жеңісінен кейін Нибали жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қана қоймай, оны нығайта түссе, Якоб Фульсанг екінші орынға жайғасты. Сөйтіп «Астана» велоклубы жалпы командалық есепте көш бастады. Ал олардың қарсыластарының бірі Альберто Контадор үш минутқа жуық уақытқа қалып келеді. «Мен бұл кезеңде қарсыластардан ұзап кетуге мүмкіндік барын білдім, бірақ осыншама қара үзіп кетемін деп ойламаппын», — деп келтіреді AFP В.Нибал…

0
0
238

Президент кубогында алты боксшымыз жеңіске жетті

Бокстан Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV халықаралық турнирінде екінші күннің жекпе-жектері толықтай аяқталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Екінші күнгі жекпе-жектерде нокаут көп болды. Бұл тұрғыда алты жекпе-жектің мерзімінен бұрын тоқтатылғандығын айта аламыз. Бүгін шаршы алаңға 10 боксшымыз шыққан болатын, солардың алтауы жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті де, төртеуі жеңілістің кермек дәмін татты. Жалпы, екінші күнгі барлық жекпе-жектердің нәтижелері төмендегідей: Електік кезең 56 келі: Фарид Агамогланов (Әзірбайжан) – Петр Васильев (Ресей) – техникалық нокаут (R1) Зинат Жандыбаев (Ресей) – Ержан Ордабаев (Қазақстан) – 3:0 Тхатхи Дончай (Таиланд) – Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан) – 3:0 Тугцогт Нуямбаяр (Моңғ…

0
0
400