Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Астана» баскетбол клубына Хорватия қыраны келді

«Астана» баскетбол клубы Хорватия құрамасының ойыншысы Лукша Андричпен келісімшартқа отырғанын бүгін ресми түрде жариялады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz. Лукша Андрич – орталық шабуылшы, Хорватия құрамасының ойыншысы, Еуропа чемпионатына қатысқан. 1985 жылы 29 қаңтарда туған. Бойы – 208 см. Баскетболдағы кәсіби карьерасын 2001 жылы бастап, Хорватияның «Дубровник» клубында өнер көрсеткен. Бірнеше елдің клубтары ойнайтын Адриат лигасында (NLB Liga ABA) және Түркия чемпионатында ойнап, тәжірибе жинақтаған. Еуролига додасында да шыңдалған. Хорватияның бірнеше дүркін чемпионы (2005-06, 2006-07, 2008-09, 2009-10 жылдардағы), Хорватия кубогының иегері (2009), Түркия Президенті кубогының иегері (2011), баскетбол жұлдыздары матчында ойнаған (Хорватия, 2005, 2006, 2007 және 2008 жылдар). Сонымен қ…

0
0
332

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері жұмысына кірісті

Шайбалы хоккейден «Барыс» клубының жаңа бас бапкері Астанаға келіп, өз жұмысына кірісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізі, Андрей Назаров «Донбасс» (Донецк) клубы мен Украина құрамасының бас бапкері болатын. Бірақ биыл Украина клубы өз еліндегі саяси жағдайға байланысты бір жылға академиялық демалыс алып, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) додасына қатыспайтын болды. Осыны естіген бетте «Барыс» клубының басшылары Назаровты Астанаға шақырып, команда тізгінін қолына ұстатты. Назаров өзі ғана емес, көмекшілерімен қоса келіпті. Кешеден бері өз қызметіне кірісіп, жұмысын бастап кетті. Алдағы маусымда клубтың алдына қойылған мақсатқа қол жеткізуге тырысатындығын, бірінші кезекте хоккейшілердің күш-қайратын арттыруға көңіл бөлетіндігін, е…

0
0
216

«Барселона» Суарес үшін 90 млн. еуро төлейді

Каталон клубы 27 жасар шабуылшы үшін 90 млн. еуро төлейді. Осылайша, бастапқыда жоспарланғандай, мәмілеге чили шабуылшысы Алексис Санчес енгізілмейді. Қазір Санчес «Арсеналға» ауыспақшы. «Барселона» басшылығы Бразилияда әлем чемпионаты ойынында Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістегені үшін Суаресті ойынға қатысу құқығынан айырғаны клубты еш алаңдатпайтынын байқатты. ФИФА шешімі бойынша, шабуылшы Уругвай құрамасының тоғыз ойынына қатысу құқығынан айырылып, төрт ай ішінде футбол қызметіне араласудан аластатылды. Алайда Суареске басқа клубқа өту үшін медициналық тексеруден өтугежәне маусымаралық жаттығуға қатысуға рұқсат берді. Өткен маусымда Суарес «Ливерпуль» үшін 33 кездесуде 31 доп соғып, ағылшын чемпионатының үздік шабуылдаушысы атанған. Басты сөздер: Әлем , Спорт АСТА…

0
0
235

БОКС: 10 қазақстандық боксшының алтауы келесі кезеңге шықты

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ересектер арасында басталған «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» IV Халықаралық турнирінде рингке шыққан 10 қазақстандық боксшының алтауы келесі кезеңге шықты. Төрт боксшы: Теміртас Жүсіпов (49 кг), Әділет Құрметов (52 кг), Ерлан Тәмемов (52 кг) және Алмасбек Орынғалиев қарсыластарына есе жіберіп алды. Ал қалған боксшылар Жомарт Ержан (49 кг), Ілияс Сүлейменов (52 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Зәкір Сафиуллин (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) және 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов қарсыластарынан басым түсті. Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдыстығы — АИБА-ның қамқорлығы аясында өтіп жатқан бұл турнирге әлемнің 12 елінен 106 боксшы қатысуда. Олар: Әзербайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Мо…

0
0
215

Тур де Франс: Астана велошабандозы жалпы есептегі бірінші орнын сақтап қалды

«Тур де Франс» көпкүндiгiнiң төртiншi кезеңiнде Giant-Shimano командасының велошабандозы Марцель Киттель жеңiске жеттi. Ресейдiң «Катюша» велоклубының мүшесi норвегиялық Александр Кристоф мәреге екiншi келсе, француз Арно Демар (FDJ клубы) үздiк үштiктi түйiндедi. Жалпы есепте қазақстандық «Астана»командасының капитаны итальяндық Винченцо Нибали көш бастауда. Одан 2 секундқа қалып келе жатқан словакиялық Петер Саган екiншi, швейцариялық Михаэль Альбасини (Orica-Greenedge) үшiншi келедi. «Тур де Франс» 4-шi кезең Ле-Туке-Пари-Плаж — Лилль , 163.5 шақырым 1. Киттель (Германия, Giant-Shimano) — 3:36.39 2. КРИСТОФФ (Норвегия, «КАТЮША»)- сол уақыт 3. Демар (Франция/FDJ.fr) 4. П.Саган (Словакия, Cannondale) 5. Кукар (Франция, Europcar) Автор: Жасұлан Жолдыбаев Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазАқп…

0
0
168

ӘЧ-2014: Германия пентакампеондарды 5:0 есебiмен жеңiп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 0:5 есебiмен жеңiлiп жатыр. Белу-Оризонти қаласындағы «Минерау» стадионында өтiп жатқан бас айналдырар матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып кеттi. Стадиондағы бразилиялық жанкүйерлер ойыннан еш үмiт күтпей, орындарын тастап кетуде. Гол авторлары: Томас Мюллер (11 минут), Мирослав Клозе (23 минут), Тони Кроос (23 және 24-ші минуттарда), Сами Хедира (29 минут). Қазiр бiрiншi тайм аяқталуға жақын. Айта кетейiк, бұл кездесуде бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын. Бұл ойында Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 16-шы голын салып, әлемдiк рекордқа қол жеткiздi. Бұн…

0
0
182

ӘЧ-2014: Германия Бразилияны 7:1 есебiмен ойсыратып, финалға шықты

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 1:7 есебiмен жеңiлiс тапты. Белу-Оризонти қаласындағы «Минерау» стадионында өткен матчтың небәрi 30 минуты iшiнде германиялықтар 5 гол тоғытып, алаң иелерiн меңiреу кейiпке түсiрдi. Гол авторлары: Томас Мюллер (11-ші минут), Мирослав Клозе (23-ші минут), Тони Кроос (24 және 26-шы минуттарда), Сами Хедира (29-шы минут). Екiншi таймда Клозенi алмастырған Андре Шюррле дубль авторы атанып, есептi 7:0-ге жеткiздi. Ойынның соңғы минутында бразилиялық ойыншы Оскар өз командасының «жетiм» голын салып, есептi аз да болса қысқарта алды. Айта кетейiк, бұл кездесуге бразилиялықтардың көшбасшысы Тиагу Силва мен команданың үздiк шабуылшысы Неймар алаңға шыға алмаған болатын. Ал Мирослав…

0
0
194

«Астана» шабандозы Винченцо Нибали — Тур де Франс» екінші кезеңінің жеңімпазы

«Астананың» итальяндық шабандозы Винченцо Нибали «Тур же Франс» суперкөпкүндігі екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында бельгиялық «BMC Racing Team» шабандозы Грег Ван Авермат, үшінші орында — «Omega Pharma-Quick Step» командасынан поляк Михал Квятковски.

«Тур де Франс»
2-кезең, Йорк — Шеффилд, Ұлыбритания
201 км

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 5:08:36
2. Грег Ван Авермат (Бельгия, «BMC Racing Team») — +0:02
3. Михал Квятковски (Польша, «Omega Pharma-Quick Step»).

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА
0
0
255

Шведова мен Дияс «Уимблдоннан» кейін әлемдік рейтингте жоғары ілгеріледі

«Уимблдонда» сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жағдайларын түзеп алды. sports.kz сайтының жазуынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова WTA рейтингісінде 52-орынға көтерілді. 53-орында тағы бір қазақстандық Зарина Дияс орналасқан. Галина Воскобоева 107-сатыға құласа, Сесиль Каратанчева 183-орынға дейін төмендеді. Юлия Путинцева (214-орын) мен Камила Керімбаева (303-орын) да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алмады. Әлемдік қыздар теннисіндегі көшбасшылардың алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: америкалық Серена Уильямс бірінші, қытайлық На Ли — екінші, румын қызы Симона Халеп — үшінші. Ерлер арасында Андрей Голубев 56-сатыда, ал Михаил Кукушкин 63-ші орынды қанағат тұтуда. Испандық Рафаэль Надаль бірінші орынды сақтап қалды, «Уимблдон-2014» жеңімп…

0
0
125

Алматыда өтетін халықаралық турнир ондаған елдің боксшыларының басын қосады

Алматыда 8-13 шілде аралығында «Президент кубогі» IV халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. Турнир Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады. ҚР Президенті кубогі дәстүрлі түрде бокс державаларының мықты спортшыларын — Олимпиада, Азия, Панамерика ойындарының, әлем, Азия және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жинайды. Бұл беделді сыйлықты тұрақты түрде Қазақстан ұлттық құрамасы өз қанжығасына байлап келе жатыр. 2006 жылы біздің боксшыларымыз 8 алтын медаль ұтып алды, ал 2010-да 6, 2012-де 7 алтын медальді қоржынға салды. IV турнирге әлемнің 12 елінен (Әзербайжан, Ирак, Куба, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин және Қазақстан) 104 боксшы қатысады. Шетелдік құрамалардың қатынд…

0
0
334