Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандық дзюдошылар Германияда өткен Еуропа кубогында 6 медаль еншіледі

Дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасы Германияның Зиндельфинген қаласында өткен Еуропа кубогында 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлады спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметінен.

«Қорытынды күнде Ермек Имамбековтің командасы тағы үш медаль еншіледі. Самат Есен (90 келі), Әзиз Қалқаманұлы (90 келі) және Ержан Шынкеев (+100 келі) қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық татами шеберлерінің еншісіне 6 медаль бар», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропа кубогының алтын медалін 73 келіге дейінгі салмақ санатында белдескен Азамат Мусин жерлесі Сергей Лимды жеңіп алған болатын. Ал 66 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Елдос Сметовтің қанжығасында қола медаль бар.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
0
247

Осы тақырып бойынша

Қазақстандық дзюдошылар Германияда өткен Еуропа кубогында 6 медаль еншіледі - Yvision.kz