Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ӘЧ-2014: Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Аргентина мен Нидерланды құрамалары кездесу өткiздi.

Бұл матчтың негiзгi уақытында қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпасының кiлтiн таба алмай, ойынды овертаймға ауыстырған. Дегенмен онда да футболшылар есеп ашқан жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық қақпашының бағы басым болды. Ол нидерландылықтардың шабуылшылары тепкен 2 соққыны тойтара бiлдi. Өз кезегiнде аргентиналықтар барлық соққыларын сәттi орындады. Есеп — 2:4, оңтүстiкамерикалықтардың пайдасына.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
136

Осы тақырып бойынша

ӘЧ-2014: Аргентина пенальти сериясында Нидерландыны жеңдi - Yvision.kz