Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Головкиннен Стивенс сияқты жеңілмеймін — Дэниел Джейкобс

Жуырда WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алған америкалық боксшы Дэниел Джейкобс «егер мен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығатын болсам, кездесуді Кертис Стивенс сияқты аяқтамаймын» деп мәлімдеді, бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Кертис Стивенстітехникалық нокаутпен жеңген болатын. «Біз Кертис екеуіміз — екі түрлі стильдегі боксшылармыз. Ол — Тайсон сияқты айбатты слаггер, мен түрлі режимге ауысып отырып, қарсыласты шатастыра білетін боксер-панчермін. Сондықтан егер мен Геннадиймен кездесетін болсам, оның Стивенспен кездесуінің қалай аяқталғанына мән бермес едім, бұл жерде бәрі басқаша болады», — деп мәлімдеді Джейкобс. Америкалық боксшы әлемнің орта салмақтағы кез келген боксшысымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бұл…

-1
0
326

Азия ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өтетін Азия ойындарына қатысатын боксшылардың толық тізімін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап. Ұлттық құраманың бас бапкері Азия ойындарына кіл мықтыларды алып баратынын айтты. Инчхонға баратын былғары қолғап шеберлерінің арасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарының, сондай-ақ 2013 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Азия ойындары баратын боксшылар мыналар:49 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарында ел намысын 2013 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 Азия ойындарының күміс жүлдегері Біржан Жақыпов қорғайды. 52 келіде 2011 Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Ілияс Сүлейменов барса, 56 келіде 2013 жылғы ә…

0
0
410

«ҚР Президенті Кубогы»: «Авангард» жерлестерімізді жеңіп кетті

Омбылық «Авангард» хоккейден «ҚР Президенті Кубогы» додасында елордалық «Барыс» клубын 2:1 есебімен ұтып кетті.

Бұған дейін новокузнецкілік «Металлург» пен нижнекамскілік «Нефтихимик» бақ сынасып, буллиттер сериясында 3:2 есебімен «кеншілер» жеңіске жеткен болатын.

Ертең астана уақыты бойынша 14:00-де «Авангард» — «Нефтехимик»,  19:00-де «Барыс» — «Металлург» командаларының кездесуі басталады.

Басты сөздер: АстанаСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
178

Алматы облысының құрамасы ҚБФ кубогының жартылай финалына шықты

Бүгін «Қазақстан бокс федерациясы кубогы-2014» додасының жартылай финалына соңғы жолдама сарапқа салынды. «D» тобындағы сында Алматы облысының құрамасы қарағандылықтардан 7:3 есебімен басым түсті, — деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. «D» тобындағы тағы бір жұп — Атырау облысы мен СҚО боксшылары арасындағы кездесуде 9:1 есебімен атыраулықтар жеңіске жетті. Сондай-ақ, Оралда «B» тобының командалары бақ сынасып, Астана құрамасы БҚО былғары қолғап шеберлерін 8:2-мен қапы қалдырды. Бұған дейін бұл топтан Жамбыл облысының сайыпқырандары мерзімінен бұрын жартылай финалға өткен болатын. Енді олар жартылай финалда алматылықтармен тәжікелеседі. ½ финалдың келесі жұбы — Ақмола және маңғыстау облыстарының құрамасы. Жартылай және финалдық кездесулер дәстүр бойынша Астанада 14-15 желтоқсан күндері өт…

0
0
247

Лондонның «Арсеналы» Англияның суперкубогын жеңіп алды

Лондонның «Арсеналы» «Манчестер Ситидің» тас-талқанын шығарып, Англияның суперкубогын жеңіп алды, деп жазады Lenta.ru.

Уэмблиде өткен тартысты кездесу 3:0 есебімен Арсен Венгердің командасының пайдасына шешілді.

Қарсыластарының қақпасына Санти Касорла, Аарон Рэмзи, Оливье Жиру бір-бір голдан тоғытты. «Ситиліктер» оған жауап қата алған жоқ.

Бұл «Арсенадың» Англияның суперкубогы додасында қанжығаға басқан 13-ші жүлдесі. Соңғы рет осы жүлдені олар осыдан 10 жыл бұрын жеңіп алған болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
187

Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда ол жергілікті теннисші Уильямс Райнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Турнирдің бастапқы кезеңінде қазақстандық теннисші жапондық Ясутаку Учиямуды — 6:2, 6:3, екінші кезеңде британдық Джеймс Уордты — 6:3, 6:4, ширек финалда үнділік Сомдев Девварманды — 7:5, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Кукушкин ақтық сында Багдатис Маркоспен кездесетін болады.

Турнирдің сыйақы қоры 100 мың АҚШ долларына тең.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
157

БОКС: «Астана Арланс» клубы «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін «Астана Арланс» клубы кубалық «Куба Домадореспен» жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

WSB-ның 3-ші және 4-ші кезеңдерінің чемпиондары арасындағы матч 9-10 қыркүйек күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Қос кеште де командалар бес бестен жекпе-жектер өткізеді.

«WSB-ның екі алыбы арасындағы кездесуі туралы ақпаратты бүкіл әлемдік қауымдастық жақсы қарсы алды. Біз осындай оқиғаны ұйымдастыруға атсалысқан екі командамен де мақтанамыз», — дейді WSB басшысы Карим Боузиди.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
257

Алматыда шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі аяқталды

Алматыда шахматтан орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында шахматтан «KBTU-Open» республикалық турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстанның шахмат федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Басты жүлде — Қазақстан-Британ техникалық университетінің математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығы бойынша грантын халықаралық шебер, астаналық Аян Ахметов жеңіп алды. Аян жеті партияда жеңіске жетіп, екі партияны тең аяқтады. Нәтижесінде мүмкін болатының 9 ұпайдың 8-ін иеленді. Ал Аян Ахметовтан кейін бес бірдей қатысушы 6,5 ұпайдан жинады. Бірақ, Бухгольц коэфициенті бойынша екінші орын алматылық Иван Мезенцевке бұйырды. Үшінші орын да алматылық Ринат Әміржановтың еншісінде. Қыздар арасында Орал қаласынан келген Айсезім Мұхит ең жоғары нәтижеге қол жеткіз…

0
0
339

ФУТБОЛ: «Астана» Еуропа лигасында «АИК» командасының тас-талқанын шығарды

«Астана» футболшылары Еуропа лигасының үшiншi раундында сырт алаңда «АИК» командасын 3:0 есебiмен ойсырата жеңдi.

Бiрiншi таймда өте сенiмдi ойнай бiлген «Астана» командасы стандарттық жағдайлардың бiрiнде Фокси Кетевоаманың соққысынан кейiн 1:0 есебiмен алға шықты.

Екiншi таймның орта тұсында астаналық футболшылар есептi еселетiп, жанкүйерлердiң мерейiн үстем еттi. Дмитрий Шомко қорғаушылар мен қақпашының қателiгiнен кейiн екiншi голдың авторы атанған болатын. Ал ойынның 71-ші минутында тамаша пасқа ие болған Жолшиев қақпашыны алдап өтiп, бос қақпаға үшiншi голды тоғытты. Осылайша, «Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне өттi.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
351

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта сұлатып салды. Бұл туралы Қытайдағы қандастарымыздың сайты senkazakh.com хабарлады. Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өткізілді. Бұл — Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы. Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидел Мантерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен Ал қандасымыз осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл — оның 15-ші нокауты. Күнсұлтан…

0
0
316