Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қаныбек Сағынбаев Таразда бильярдтан өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

«Тараз-Арена» спорт сарайында  бильярд спортынан өтіп жатқан «Динамикалық пирамида» бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Жарысқа әлемнің 19 елінен 53 спортшы қатысты. Олардың арасында ресейлік Сергей Тузов, Никита Ливада және Александр Чепиков сынды әлем чемпиондары бар.

Қазақстан құрамасында үш дүркін әлем чемпионы Қаныбек Сағындықов, әлем чемпиондары Әлихан Қаранеев, Ернар Шымбаев, 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Алмас Әбсейіт бар.

   
Басты сөздер: СпортЖамбыл облысы
ТАРАЗ. ҚазАқпарат
0
0
367

WBC, WBA және IBF бокстан әлем чемпиондары турнирін 2015 жылы өткізуге әрекет жасамақ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бокстан әлем чемпиондары үшін аталған ұйымдардың нұсқалары бойынша барлық салмақ дәрежелерінде ұйымдасқан турнир өткізуді көздеп отыр, деп хабарлады boxingscene.com.

Аталған шешім WBC президенті Маурисио Сулейман, WBA басшысы Жилберто Мендос пен IBF басшысы Дэрил Пиплстың кездесуі кезінде қабылданды.

«Біз чемпиондар турнирін тек бір чемпион ғана әлем чемпионы болып танылуы үшін өткізу туралы шешім қабылдадық. Бұл ұзақ жол, алайда ол факт. Біз промоутерлер үздік кездесулер ұйымдастыруы үшін мүмкіндік тудырмақпыз», — деді Сулейман.

Айта кетер жайт, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) өкілдері кездесуде болған жоқ.

   
Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
279

Қазақстанда теннисті дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатыр — Н.Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга арасындағы теннис матчын тамашалады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жарыс алдында әйгілі теннисшілерді қабылдап, кездесу барысында олардың осы келісі еліміздегі теннистің бұдан әрі дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды. - Бұл қазақстандық жас спортшылар үшін үлкен оқиға. Сіздер оларға өздеріңізбен ойнау мүмкіндігін бердіңіздер. Бұл оларды айтарлықтай ынталандыру болып саналады. Сондай-ақ сіздер біздің елімізге келіп, елорданың айтулы нысандарын аралап көру мүмкіндігіне ие болдыңыздар, — деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бұрын теннис дәстүрі болмаған біздің елімізде қазір спорттың осы түрін дамыту тұрғысынан үлкен жұмыс атқарылып жатқандығына тоқталды. - Мысалы, менің өзім теннисті 40…

0
0
276

Маңғыстаулық адай жылқылары Дүниежүзілік ат спорты ойындарына қатысты

VII Дүниежүзілік ат спорты ойындарына Қазақстан атынан 3 жылқы қатысты. Олар Вестфалиядағы (Германия) Питер Енгельдің ат спорты базасындағы дайындықтан өткен болатын. Жалпы ат спорты ойындарына 47 мемлекеттен 947 жылқы малы қатысты. VII Дүниежүзілік ат спорты ойындарының ашылу салтанаты 23 тамызда Канн қаласының орталық стадионында өтті. Ойындар Сартилли қаласында (Нормандия) ұйымдастырылды. 47 мемлекеттің намысын қорғаған 33 құрамада 166 шабандоз сынға түсті. «Жарысқа жолдама алған 3 жылқы Маңғыстау облысының адай сәйгүліктері. Негізгі сында командалар 160 шақырымдық учаскеде 5 кезеңнен өтуі тиіс еді. Трасса біздің жылқыларымыз үшін өте ауыр болды. Жолда таулар да, теңіз жағалауы, орманды, батпақты жерлер де кездесті. Мұндай жолдарда жарақаттану қаупі де жоғары болды. Біз, әрине, бұған д…

0
0
669

Қазақ күресінің атауы өзгеруі мүмкін

Қазақ күресінің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. «Зерттеу бойынша қарасақ, Петропавл қаласында 1928 жылға дейінгі құжаттардың ішінде «қазақ күресі» деген атау жоқ екендігін айтқым келеді. «Қазақ күресі» деген атау кезінде «қазақша күрес» болатын. Ал 2000 жылдан бастап құжаттар «қазақ күресі» деп дайындалып келе жатыр. Атап айтқанда, 1928 жылға дейінгі құжаттарда біздің еліміздің ішінде «күрес», «палуандық күрес», «жекпе-жекке шығу», «күш сынасу» деген атаулар кезігеді. Бұны айтып отырған себебім, енді біз әлемдік деңгейге шықтық. Әлемдік деңгейде дзюдо күрес түрі бар және жекпе-жектердің арасында таэквондо, сондай-ақ басқа да додалар бар. Бұлардың барлығы бір елдің спорт өнері болса да, бірақ сол елдің атымен аталмайды. Мысалы, жапон…

0
0
287

Инчхон-2014: Бүгін қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шығады

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындары бел ортасына да келіп жетті. Дәл қазірге дейін, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 4-орында келеді. Бірінші орында 44 алтын, 24 күміс, 21 қола олжалаған Қытай құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында 22 алтын, 22 күміс, 22 қола медаль жинаған алаң қожайындары болса, үздік үштікті 17 алтын, 22 күміс, 22 қола медалі бар жапондықтар түйіндеп тұр. Бүгіннен бастап жарыс көрігі тіптен қыза түспек. Олай дейтініміз — бүгін шаршы алаң шеберлері, яғни боксшылар жекпе-жегінің алғашқы айналымы басталады. Қазақстандық жанкүйерлерді қатты қызықтыратын әрі ең көп жүлде күтетін спорт түрлерінің бірі — осы бокс. Кеше аталмыш елде боксшылардың жеребе тарту рәсімі өтіп, біздің боксшыларымыздың қашан және кіммен жұдырықтасатыны…

0
0
235

ИНЧХОН: Қазақстандық ескекшілер жұптық жарыста «қола» жүлдеге қол жеткізді

Бүгін таңертең Азиадада академиялық ескек есу жарысы өтті, деп хабарлады sports.kz.

Алтын медаль қытайлық — Мин Чжан мен Тьян Мьяоға бұйырса, «күмісті» — корейлік Сеойён Джён мен Сеохи Ким иеленді, ал қола жүлдені қазақстандық жұп — Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова жеңіп алды.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
217

«Жас Барыс» турнирінің балуандары ақтық сайыста Павлодарда кездеседі

2014 жылдың 5-7 қарашасында Павлодарда қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Ұйымдастырылатын спорттық бәсекеге еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысады. «Бүгінде 90 мыңнан астам жастарымыз қазақ күресімен айналысып келеді. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты — қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу. Осы ұйымдастырылып отырған шаралардың барлығы ұлттық спортты әлемдік ойындардың бағдарламасына енгізуге арналған. Қазіргі кезде қазақ күресінің дамуына ықпал ететін ауқымды шаралар өткізіліп жатқандығын білесіздер»,-деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев…

0
0
369

Азиадада теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы қола иеленеді

Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Камила Керімбаева Азия ойындарының қола медалін иеленді, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жартылай финалдық матчта біздің құрама қытайлық Тайпейге қарсы ойнады. Ойын нәтижесі бойынша Тайпей 1:2 есебімен басым түсті.

Бастапқы матчта Юлия Путинцева екі сетте Юн Ян Чанге 4:6, 1:6 есебімен есе жіберіп алды. Осыдан кейін құраманың көшбасшысы Ярослава Шведова есепті теңестірді, яғни қарсыласы Су Вей Хсиехті 6:3, 7:6(4) ұпайымен жеңді. Шешуші жұптасып ойнайтын матчта Шведова мен Путинцева тайпейлік Чан және Хсиехке 0:6, 2:6 есебімен жол берді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Басты сөздер: Спорт
0
0
194

Инчхон-2014: Суға жүзуден жерлесіміз Дмитрий Баландин «алтын» иеленді

Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзуде Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша ол Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлады Vesti.kz.

Баландин өз біліктілігінде үздік уақыт көрсетті, ақтық сайыста ол өзінің нәтижесін жақсартты. Ол межеленген қашықтықты 2:07,67 уақытта жүзіп өтті. Оның ізінше соңынан жүзген жапониялық спортшы Кадзуки Кохината одан небәрі бір жарым секундқа қалып қойды.

Үшінші орын тағы бір жапондық суға жүзуші Ясухиро Косекиге бұйырды.

Еске сала кетейік, осыған дейін бұл спорт түрі бойынша күміс жүлдені 50 метрге арқасынан жүзуде екінші келген тағы бір жерлесіміз Ектерина Руденко ұтқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
298