ИНЧХОН: Қазақстандық ескекшілер жұптық жарыста «қола» жүлдеге қол жеткізді
Бүгін таңертең Азиадада академиялық ескек есу жарысы өтті, деп хабарлады sports.kz.
Алтын медаль қытайлық — Мин Чжан мен Тьян Мьяоға бұйырса, «күмісті» — корейлік Сеойён Джён мен Сеохи Ким иеленді, ал қола жүлдені қазақстандық жұп — Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова жеңіп алды.

