Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Теннис: З.Дияс А.Кербердің өзін састырды

Қытайдың Ухань қаласында теннистен өтіп жатқан ірі халықаралық турнирдің екінші айналымында қазақстандық Зарина Дияс бүгін неміс қызы Анжелика Кербермен кездесті. Зарина дүниежүзілік рейтингте 40-ыншы орында келе жатса, Анжелика осы турнирдің жетінші, әлемнің сегізінші ракеткасы болатын. Соған қарамастан, З.Дияс бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сет 6:2 есебімен А.Кербердің пайдасына шешілді. Үшінші, шешуші партияда Зарина 4:2 есебімен алда тұрғанымен, осы басымдылықты сақтап тұра алмады. Сөйтіп 6:4 есебімен (жалпы есеп 2:1) неміс қызы ұтып кетті. Ол үшінші айналымда чехиялық Барбора Заглавова-Стрыцовамен шеберлік байқасады. Айта кетейік, бүгін әлемнің бірінші ракеткасы, американдық Серена Уильямс франциялық Ализе Корнемен матчын жалғастыра алмай, жарыс жолынан шығып қал…

0
0
169

Қазақстанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем Барысы» халықаралық турнирі өтеді

Өткен жылы тұңғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» өткен болатын. Ал биыл тағы бір үлкен жаңалықтың куәсі болмақпыз — төл күресімізден «Әлем Барысы» жарысы өтпек. «Әлем Барысы» қазанның 25-сі күні Павлодар қаласында, ал екінші рет «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жалауы қарашаның 22-сі күні Тараз қаласында желбіремек. Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры хабарлады. Осыған орай ертең, яғни қыркүйектің 24-і күні сағат 11:00-де «Rixos President Astana» қонақүйінің «Orda» конференция залында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ұйымдастыруымен аталмыш турнирлерге арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі. Оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бас директоры Дархан Қалет…

0
0
448

Инчхон-2014: Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шықты

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында алғаш рет финалға өтті, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында еліміздің командасы Өзбекстан құрамасын 2:1 есебімен ұтты. Бастапқы матчта қазақстандық Александр Недовесов қарсыласы Фаррух Дустовтан басым түсті. Екінші матчта Михаил Кукушкин Денис Истоминге есе жіберіп алды (6:4, 3:6, 4:6).
Шешуші жұптасып ойнау додасында Андрей Голубев пен Александр Недовесов өзбекстандық Дустов пен Истоминді жеңді.

Енді финалдық ойында біздің құрама Қытай мен Жапония арасындағы матчта жеңімпаз атанған командамен кездеседі.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
223

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ: 1 млн. теңге жүлдені оңтүстікқазақстандық палуан олжалады

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында қазақ күресінен тұңғыш рет ұйымдастырылған «Жайықтың арыстары — қазақтың барыстары» атты республикалық турнир мәреге жетті. Аталмыш жарыс қазақ күресінен 1939 жылы еліміздің тұңғыш түйе палуаны атанған Еңсеп Досқалиев, самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері Асқар Шайхиев, оның бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыр Қуанышев және қазақ күресінен БҚО-ның бірнеше мәрте түйе палуаны Оралбек Қожагелдиннің құрметіне өткізілді. Турнирде Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының (әр ауданнан бір адамнан) және Алматы, Астана қаласының палуандары бақ сынады. Олар боз кілемге 90 және 90 келіден жоғары салмақта шықты. Сайыс қорытындысында 90 келіге дейінгі белдесулерден озық шыққан қазталовтық Е…

0
0
531

Максим Раков алтыннан қағылды

Инчхонда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Максим Раков (100 келі) финалда Моңғол палуанынан ұтылып қалды. Моңғолиялық Тушинбаяр Найдан Максим Раковты жуырда Челябинскіде өткен Әлем чемпионатында да ұтқан болатын. Айта кетейік, белдесуде Раков үш рет «шидо» жазасын алды. Айта кетейік, Инчхондағы дзюдо сайыстары осымен аяқталды. Қазақстанның ерлер құрамасы «Азиадаға» жүктелген тапсырманы орындады. Ермек Иманбеков шәкірттерінің қанжығасында 3 медаль бар: алтын — Елдос Сметовте, күміс — Максим Раковта, қола — Азамат Мұқановта. Ертең Dowon Gymnasium татамиінде топтық жарыстар (ерлер мен әйелдер арасында) басталады. 100 келі. Қорытынды нәтиже: 1. Тушинбаяр Найдан (Моңғолия) 2. Максим Раков (Қазақстан) 3. Гухам Чо (Оңтүстік Корея), Рамзиддин Саидов (Өзбекстан) Автор: Әбу-А…

0
0
211

Қазақстандық семсершілер Инчхонда «қола» жүлдеге ие болды

Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайысы басталды. Қатарында Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманши, Юлия Живица сынды спортшыларымыз бар Қазақстан әйелдер құрама командасы жартылай финалда қытайлық қарсыластарынан 27:45 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді, деп хабарлады sports.kz.

Бұл — 17-ші жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының алтыншы қола жүлдесі. Ширек финалда қыздарымыз индонезиялықтарды 45:31 есебімен ұтты.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
252

Инчхон-2014: Стендттік оқ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында стендттік оқу атудан әйелдер арасында командалық сайыста аяқталды.

Бұл бәсекеде Мария Дмитренко, Оксана Середа, Анастасия Давыдованың жекелей сындағы көрсеткіштері есептелді.

Айта кетейік, жекелей сында Анастасия Давыдова — 71, Мария Дмитренко — 70, Оксана Середа  59 ұпай жинаған еді.

Жалпы есепте, Қазақстан құрамасы 203 ұпай (70, 66, 67) жинап, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Қытай құрамасы 199 ұпаймен (64, 68, 67) күміс еншілесе, қола медаль 198 ұпай (67, 64, 67) жинаған Солтүстік Корея спортшыларына бұйырды, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық  арнасы.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
255

Халықаралық Kazakhstan Open гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды

Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткізілген Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф турнирінде аса сирек кездесетін үш соққы жасалды. Шведциялық гольфші Хоаким Лагерген «hole-in-one» жасады. Оның 140 метр жерден соққан добы ойыққа дәл келіп түсті. Ойықтың диаметрі 108 миллиметр екені белгілі. «Кейін, турнирдің екінші, бұлтты күні 4-ші алаңқайда Уильям Харольд 255 ярдтық қашықтықтан «hole-in-one» жасады. Және бүгін турнирдің соңғы күні тоғызыншы алаңқайдың бестік парында қиындау жерде жатқан доп ойыққа бес соққының орнына екі соққымен түсіп, «альбатрос» жасалды. Оның авторы — гольфші Йокке Рокса» — деді Қазақстан Гольф федерациясының атқарушы хатшысы Константин Лифанов. Сондай-ақ гольфші Йокке Рокса осы турнирде допты ең алыс қашықтыққа соқты. Оның соққан добы 320 метр ж…

0
0
324

Инчхон-2014: Қазақстандық синхронды жүзушілер қола медаль иеленді

Қазақстандық синхронды жүзушілер Екатерина Немич пен Александра Немич Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады kaztrk.kz.

Техникалық бағдарлама нәтижесі бойынша үшінші орында келе жатқан қазақстандық жұп бұл жарыста 167,7639 ұпай жинап, өз орындарын  сақтап қалды.

Алғашқы орында 185,1851 ұпаймен қытайлық Хуан Сючень мен Сунь Вэньянь, екінші орында 181,5388  ұпаймен жапониялық Юкико Инуи мен Рисако Мицуи жұбы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
244

Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирінің жеңімпазы анықталды

Ағылшындық гольфшы Сэм Хатсби Алматыда «Жайлау» гольф-шипажайында осымен 10-шы рет өткен Халықаралық Kazakhstan Open 2014 гольф-турнирінің жеңімпазы атанды. Оның нәтижесі минус 19 (269). Сэм Хатсбиге 72 мың еуро табыс етілді. Екінші орын алған тағы бір ағылшындық гольфшы Эндрю Джонстон 49 мың 500 еуроға ие болды. Оның нәтижесі минус 17 (271). Ал үшінші орын алған оңтүстіккореялық гольфшы Бьенг-хун Ан 31 мың 500 еуро сыйақы алды. Оның нәтижесі минус 12 (276). Өз сөзінде Сэм Хатсби ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. «Мен біздің командаға, сондай-ақ ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Турнир өте жоғары дәрежеде өтті. Спортшыларға керемет жағдай жасалды. Егер мүмкіндік болып жатса, алдағы жылы да осы турнирге келуге дайынмын», — деді С. Хатсби. Автор: Жаппарберген Айбота Басты с…

0
0
178