Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инчхон-2014: Суға жүзуден жерлесіміз Дмитрий Баландин «алтын» иеленді

Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзуде Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша ол Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлады Vesti.kz.

Баландин өз біліктілігінде үздік уақыт көрсетті, ақтық сайыста ол өзінің нәтижесін жақсартты. Ол межеленген қашықтықты 2:07,67 уақытта жүзіп өтті. Оның ізінше соңынан жүзген жапониялық спортшы Кадзуки Кохината одан небәрі бір жарым секундқа қалып қойды.

Үшінші орын тағы бір жапондық суға жүзуші Ясухиро Косекиге бұйырды.

Еске сала кетейік, осыған дейін бұл спорт түрі бойынша күміс жүлдені 50 метрге арқасынан жүзуде екінші келген тағы бір жерлесіміз Ектерина Руденко ұтқан болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
299

Осы тақырып бойынша

Инчхон-2014: Суға жүзуден жерлесіміз Дмитрий Баландин «алтын» иеленді - Yvision.kz