Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

WBC, WBA және IBF бокстан әлем чемпиондары турнирін 2015 жылы өткізуге әрекет жасамақ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бокстан әлем чемпиондары үшін аталған ұйымдардың нұсқалары бойынша барлық салмақ дәрежелерінде ұйымдасқан турнир өткізуді көздеп отыр, деп хабарлады boxingscene.com.

Аталған шешім WBC президенті Маурисио Сулейман, WBA басшысы Жилберто Мендос пен IBF басшысы Дэрил Пиплстың кездесуі кезінде қабылданды.

«Біз чемпиондар турнирін тек бір чемпион ғана әлем чемпионы болып танылуы үшін өткізу туралы шешім қабылдадық. Бұл ұзақ жол, алайда ол факт. Біз промоутерлер үздік кездесулер ұйымдастыруы үшін мүмкіндік тудырмақпыз», — деді Сулейман.

Айта кетер жайт, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) өкілдері кездесуде болған жоқ.

   
Басты сөздер: СпортӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
280

Осы тақырып бойынша

WBC, WBA және IBF бокстан әлем чемпиондары турнирін 2015 жылы өткізуге әрекет жасамақ - Yvision.kz