Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Инчхон-2014: Ольга Рыпакова Қазақстан еншiсiне 20-шы алтын медальді жеңiп алды

Лондон Олимпиадасының чемпионы, жеңiл атлет Ольга Рыпакова Инчхондағы Азия Ойындарында үш қарғып секiруден алтын медаль қоржынға салды.

Осы сында тағы бiр қазақстандық спортшы Ирина Эктова үшiншi орынға қол жеткiздi.

14 метр 32 сантимерге секiрген жерлесiмiздiң көрсеткiшiн қарсыластары аса алмады. Бұл Ольга Рыпакованың Азия Ойындарындағы екiншi алтыны. Алғашқы алтын медальды ол төрт жыл бұрын Гуанчжоуда алғаны есiмiзде.

Басты сөздер: Спорт
ИНЧХОН. ҚазАқпарат
0
0
241

2022 жылғы қысқы Олимпиада өткізуге үміткерлер тізімінде тек Алматы мен Бейжің ғана қалды

Норвегия Ослода 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінішін қайтып алды, деп хабарлайды Р-Спорт. Бұған үкіметтің тиісті қаржылық кепілдеме беруге дайын еместігі себеп болып отыр. Ослоның қаржылық қолдау көрсету жөніндегі өтінішіне сәрсенбі күні Норвегияның консервативтік партиясы қарсы дауыс берді. Халықаралық Олимпиадалық комитет (ХОК) шілде айында Осло, Алматы (Қазақстан) және Бейжіңді (Қытай) 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер етіп бекіткен еді. Бұдан бұрын Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) Ойындарды өткізуден бас тартқан болатын. Еске сала кетсек, Олимпиада астанасы 2015 жылғы жазда Малайзияда белгілі болады. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Сочиде өтсе, 2018 жылғы астанасы октүстіккореялық Пхенчхан болып отыр. Басты сөздер: Спорт , Оли…

0
0
1146

Қазақстан Азиадада 18-ші алтын медальға қол жеткізді

Бүгін Инчхонда жеңіл атлетика сайыстары жалғасып жатыр, деп жазады sports.kz.

200 метрлік қашықтықта жүгіру сынында қазақстандық Ольга Сафронова (23,02) чемпион атанды. Оның қытайлық қарсыласы Йонли Вей күміс медальға қол жеткізсе, қола жапондық Тисато Фукусимаға бұйырды.

Осымен Қазақстан қоржынына 18-ші алтын медаль түсті.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиадаӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат

Edit This Post

Бүгін Инчхонда жеңіл атлетика сайыстары жалғасып жатыр, деп жазады sports.kz.

200 метрлік қашықтықта жүгіру сынында қазақстандық Ольга Сафронова (23,02) чемпион атанды. Оның қытайлық қарсыласы Йонли Вей күміс медальға қол жеткізсе, қола жапондық Тисато Фукусимаға бұйырды.

Осымен Қазақстан қоржынына 18-ші алтын медаль түсті.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиадаӘлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
266

Теннис: З.Дияс тағы да А.Керберге жол берді

Бейжіңде теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Зарина Дияс екінші айналымда неміс қызы Анжелика Кербермен күш сынасты.

Дүйсенбі күні жаңартылған әлемдік рейтингте Зарина бір саты жоғарылап, 39-орынға көтерілсе, Анжелика керісінше 8-ден 10-сатыға төмендеп кеткен болатын.

Мұның алдында Уханьда өткен ірі жарыста осы екі спортшының жолдары тоқайласып, онда А.Кербер үш партияда жеңген болатын. Бұл жолы неміс қызы 6:3, 6:1 есебімен оңай ұтты. Ол енді ресейлік Светлана Кузнецовамен кортқа шығады.

Басты сөздер: СпортӘлем
ОРАЛ. ҚазАқпарат
0
0
217

ИНЧХОН-2014: Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медальға қол жеткізді

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында грек-рим күресі бойынша Қазақстан ұлттық құрама командасы екі қола медалге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан мәлімдеді.

Кіші финалда Алмат Кебіспаев (59 келі) өзбекстандық Ахмаджон Махмудовты 5:0 есебімен, ал Ерұлан Ысқақов (98 кг) сириялық Наузат Салехты 9:0 есебімен жеңді.

Сонымен екі салмақ категориясы бойынша жүлделі орындарға мына балуандар жайғасты:

59 келі:
1. Кохей Хасегава (Жапония)
2. Вон Чол Юн (Солтүстік Корея)
3. Алмат Кебіспаев (Қазақстан), Кие Тиан (Қытай)

98 келі:
1. Махди Алиярифейзабади (Иран)
2. Ди Ксиао (Қытай)
3. Ерұлан Ысқақов (Қазақстан), Норикацу Саикава (Жапония).

Басты сөздер: Спорт
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат
0
0
276

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Антон Пинчук жартылай финалда

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстарының ширек финалдық кезеңі ойналды. Қазақстандық былғары қолғап шебері, 2008 жылғы студенттер арасындағы Әлем чемпионы, 2013 жылғы Қазақстан чемпионы Антон Пинчук 91 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда өзбекстандық боксшы Рүстем Төлегеновпен кездескен болатын. Отандасымыз қарсыласын 3: 0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты, — деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан. Енді Антон алдағы 2 қазан күні өтетін жартылай финалда Намьенг Парк (Южная Корея) пен Санаулахх (Пакистан) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Басқа жартылай финалда Али Мазахери (Иран) мен Ихаб Алматбули (Иордания) кездесетін болды. Сондай-ақ, қыздар арасында бүгін Жайна Шекербаева (51 кг) финалға шы…

0
0
160

ФУТБОЛ: Қазақстанда Студенттер Ұлттық лигасының ойындары өткізіледі

Қазақстанда Студенттер ұлттық лигасының алғашқы туры басталады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның футбол федерациясынан хабарлады. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Студенттер ұлттық лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Астана студенттері үшін жеребе тарту рәсімін ҚФФ Вице-Президенті Сейілда Байшақов жүргізсе, Алматы үшін Александр Борисов жүргізді. Әр қаладан сегіз команда қатысатын Лиганың бірінші туры осы сенбі, яғни қазанның 4-і күні өтеді. Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің алаңында 1-турда мына командалар кездеседі: Астанада: Қаржы академиясы — Тұран университеті Медициналық академия — Еуразия Ұлттық Университеті Назарбаев Университеті - Қазақ гуманитарлық заң университеті С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті — Қаржы пол…

0
0
421

ИНЧХОН-2014: Б.Жақыпов жартылай финалға жолдама алды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Біржан Жақыпов жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

49 келі салмақ санатында Қазақ елінің намысын қорғаған Біржан ширек финалда малайзиялық Моххамад Мохдадан 3:0 есебімен басым түсті.

Есте болса, қазақстандық боксшы Гуанчжоу қаласында өткен Азияда ойындарында күміс медаль  жеңіп алған болатын. Бұл жолы да Біржан  кемінде қола медальмен қанжығасын майлап отыр.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
201

ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы қарсыласын нокаутпен жеңді

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы өзінің (75 кг) алғашқы сайысын нокаутпен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясынан. Бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионы 1/8 финалда қытайлық Тайпейден келген Тинг Янгпен қолғап түйістірген болатын. Көп соққылар жіберіп, бірінші раундты әрең аяқтаған Жәнібектің қарсыласы екінші раундта тізе бүкті — отандасымыз қапысын тауып, үстін-үстін ұрған соққыларымен дегеніне жетті. Ертең Жәнібек ширек финалда ирандық боксшы Саджад Мехрабимен кездеседі. Ол өз кезегінде палестиндік Фида Исламды тізе бүктірген болатын. Бүгін ширек финалда кешкі сессияда Ілияс Сүлейменов (52 кг) оңтүстіккореялық Сангдон Чомен, Данияр Елеусінов (69 кг) моңғол Тувшинбат Буямбамен, ал Әділбек Н…

0
0
339

ИНЧХОН-2014: Еркін күрестен екі балуанымыз финалға шықты

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында еркін күрес бойынша сайыстар өтуде. Қазақстандық екі балуан — Есболат Нұржымбаев (86 кг) пен Дәулет Шабанбай (125 кг) ақтық сынға жолдама алды. Ал Дәулет Ниязымбетов (61 кг) қола медаль үшін таласады, — деп хабарлайды ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан. Есболат Нұржымбаев (86 кг) жартылай финалда 4:1 есебімен тәжік Бахадүр Қадіровтың жауырын жер иіскетті. Ал Дәулет Шабанбай өз кезегінде жапондық Набуйоши Аракиданы 3:0 есебімен жеңді. Өкінішке қарай, ширек финалда қырғыз балуаны Ұлан Надырбекұлын 3:0 есебімен жеңген Дәулет Ниязбеков жартылай финалда Азия және Әлем чемпионы ирандық Масұд Эсмаэльпуржойбариден 3:8 есебімен жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін сайыста оңтүстіккореялық Сьёнчул Лиме…

0
0
293