СҚО әкімі Азиада чемпионы А.Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Инчхондағы Азия ойындарының алтын жүлдегері Алексей Луценкоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Өңір басшысы Алексейдің жеңісі барлық қазақстандықтар үшін тамаша сыйлық екенін, күнделікті қажырлы еңбектің жемісі екенін және біздің елдегі велоспорттың даму деңгейінің жоғары екенін көрсетті деп атап өтті. Ерік Сұлтанов Алексейге мықты денсаулық, шыдамдылық пен өмірде қуанышты сәттердің көп болуын тіледі. Еске сала кетейік, СҚО велошабандозы Алексей Луценко Инчхондағы жазғы Азия ойындарында 42 шақырымға жеке жарыста алтын жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаздың уақыты — 50:28,78. Екінші орында қырғызстандық Евгений Ваккер, үшінші орында — ирандық Хоссейн Аскари. Басты сөздер: С…





