Батысқазақстандық каратэші Минскіде өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Минск қаласында каратэ-додан өткен халықаралық турнирде Қазақстан намысын оралдықтар Дархан Тірәлиев пен Бекарыс Елемесов абыроймен қорғады. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа Латвия, Польша, Украина, Беларусь, БАӘ, Өзбекстан, Ресей, Румыния сынды әлемнің 20 елінен спортшылар қатысты. 52 кг салмақта өнер көрсеткен Дархан ешкімді шақ келтірмей, бес кездесуін де ұтып, чемпион атанды. Д.Тірәлиев бұған дейін биыл Қазақстан, Орталық Азия біріншілігі және OPEN GEORGIA халықаралық турнирінің жеңімпазы болған еді. Бұған қоса ол — 2011 жылы Италияда өткен каратэ-додан балалар арасында әлем чемпионы. Бекарыс Минскіде өткен жарыста 42 келіде сынға түсіп, қола жүлдені иеленді. Ол жартылай финалда латвиялық қарсыласынан ұтылса, үшінші орын үшін бәсе…





