Максим Раков Астанада дзюдодан Гран-при ұтып алды
Қазақстандық балуан Максим Раков (100 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан дзюдо додасының гран-приін ұтып алды.
Ақтық сында жерлесіміз германиялық балуан Дмитрий Петерспен белдесті. Қарсыласынан басым түскен Максим байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды.
Раковтың бұл жүлдесі Қазақстан үшін өз елімізде өткізген Гран-придің алтыншы жүлдесі болып отыр. Бұған дейін Елдос Сметов (60 кг дейін) алтыннан алқа тақса, Жансай Смағұлов (66 кг дейін) күміс медальді еншілеген. Сондай-ақ, Асхат Телманов (60 кг дейін), Әзиз Қалқаманұлы (81 кг дейін) және Зарина Абрасуловалар (78 кг-ден жоғары) «қоламен» марапатталған.
АСТАНА. ҚазАқпарат

