Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Геннадий Головкиннің қарсыластары әлсіз — Э.Мұхаммад

Эдди Мұстафа

Бұрынғы әлем чемпионы, танымал америкалық жаттықтырушы Эдди Мұстафа Мұхаммад WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келешегіне үміт артпайтынын білдірді, деп жазады sports.kz.

«Мен Головкинге төбелесе алмайтын қарсыластарды таңдайды деп ойлаймын», — деді Мұхаммад спортшының Рубиомен айқасын еске салып.
Сондай-ақ, Эдди Геннадий Головкин әзірше, Андре Уордқа қарсы шығуға лайықты емес екенін, ал шығатын болса, «одан жеңіледі» деп есептейтінін білдірді.

«Тек Андре Уордқа қарсы емес. Уорд адал спортшы, ол Флойдты әлемнің үздік боксшысы орнынан оңай шығарған», — деді Эдди Мұстафа.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
257

Олимпиада астанасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы мүмкін

2014 жылы Сочиде Халықаралық Олимпиада комитетінің ақпандағы сессиясында осы комитет мүшесі болып сайланған Поуль-Эрик Хойер Олимпиада астанасы үшін дауыс беру ХОК-де ашық түрде жүргізілуі керек деген батыл ұсынысын білдірді. Олимпиада чемпионы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімді реформалар жасауға көндірмек ниетте. Журналистермен ой бөліскен Поуль-Эрик Хойердің айтуынша, Олимпиада астанасы үшін дауыс беру Халықаралық Олимпиада комитетінде ашық түрде жүргізілуі керек. Бұл түрлі өсек-аяңнан аулақ болуға көмектеседі және үміткерлер өзара келісісіп алды деген күдіктен арылтады. Оның үстіне, өз қалаларын алға тарту үшін қаражат салған ұйымдастырушылар ХОК-нің қаншама мүшесі өз дауыстарын олардың қаласына береміз деп уәде еткендерімен, неліктен олардың ұтылып қалғанын түсінбейді. Әлемдік…

0
0
443

Алматыдағы Әлем чемпионатына Қызылорда облысынан Илья Ильин мен Рүстем Сыбай қатысады

Ертең, яғни 8-16 қараша аралығында Алматы қаласында өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына Қызылорда облысынан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 3 дүркін әлем, 2 дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин қатысады. Бұған дейінгі жарыстарда 94 келіде өнер көрсетіп жүрген Илья салмақ ауыстырып, бірінші рет 105 келіде сынға түседі. Бұл әлем чемпионаты 2016 жылы Рио де Жанейро Олимпиадасының алғашқы жолдамалық жарысы болмақ. Қазақстаннан қатысатын спортшылар осы Әлем чемпионаты мен 2015 жылы АҚШ-та өтетін әлемдік сайыстың қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиясын сарапқа салады. Сондай-ақ, Ильямен бірге Рүстем Сыбай 94 келіде бағын сынайды. Жарыс бағдарламасына сәйкес 14 қараша күні сағат 19.00-де ерлер арасында «А» тобында Рүстем Сыбай, 15 қараша күні сағат сағат 19.00-де ерлер арасын…

0
0
211

Қызылордада каратэ-до шеберлері бас қосты

Қызылорда қаласында каратэ-додан жаттықтырушыларға арналған облыстық семинар өтті. Бұл шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР каратэ-до федерациясы мен облыстық каратэ-до федерациясы ұйымдастырды. Шараның мақсаты — каратэ-домен шұғылданатын спортшылардың дайындық деңгейін жетілдіру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Семинар барысында каратэ-додан ҚР вице-президенті, 7-ші дан иегері, республиканың аға жаттықтырушысы Жасталап Санауов 14 сағат практикалық сабақ жүргізді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Оған Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қармақшы ауданынан 12 жаттықтырушы қатысты. Сонымен қатар, бағдарлама барысында Жасталап Санауов облыста каратэ-до спортының дамуына үлес қосқан бірқатар жаттықтырушыларды марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады. Атап айтқанда, карат…

0
0
419

Павлодардағы «Жас барыс» турниріне 400-ге жуық балуан қатысады

Павлодарда бүгін қазақша күрестен балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі басталып, 7 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлады SportNews.kz. Жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады. Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді. «Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар жасөспірімдер мен жастар қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар. Ал турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді: •14-15 жасқа дейінгілер арасында 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50кг, 55кг, 60кг, 66кг, 73кг +73кг салмақ дәрежесінде; •16-17 жасқа дейінгілер арасында 46кг, 51кг, 5…

0
0
1075

Қызылордада қала әкімінің жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнир басталды

Бүгін Қызылордада 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир басталды.

Жарысты ұйымдастырушылар — Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы.

Республикалық сайыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және өңіріміздегі бокс ардагерлері сөз сөйледі. Олар балаларға рингте ымырасыз дода болуына тілектестік білдірді.

Турнир 9 қарашаға дейін созылады. Онда Қазақстанның 11 облысынан барлығы 220 жас былғары қолғап иелері қатысып отыр. Бүгін ең аз салмақ дәрежесі бойынша балалар бақ сынасты.

 
Басты сөздер: СпортҚызылорда облысыӘкім
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
0
0
265

Оралда өткен шорт-тректен ел біріншілігінде қостанайлықтар жеңімпаз атанды

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың шорт-трек бөлімшелері командалары арасында ел біріншілігі өткізілді. Аталмыш жарысқа Астана қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының балғын спортшылары қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай түрлі қашықтықтарда бақ сынасты. Чемпионат қорытындысында барлығы 2276 ұпай жинаған қостанайлықтар жеңімпаз атанды. 1910 ұпаймен батысқазақстандықтар екінші, қарағандылықтар (1207 ұпай) үшінші орынды иеленді. Басқа командалар едәуір кейін қалып қойды. БҚО құрамасының бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, Батыс Қазақстаннан 31 жасөспірім жарыс жолына шықты. Әсіресе, Ғалия Жұмағазиева мен Әділ Қырымгереев…

0
0
244

ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды

Анапада өткен кикбоксингіден Әлем кубогында Ася Азизова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жарыста күшті спортшылар көп болды, бірақ мен өз күшіме сендім», — деді спортшы қыз.

Асяның айтуынша, оның жеңісіне жаттықтырушысы мен ата-анасы көп қайрат жұмсады.

Спортшы кикбоксингімен 2 жылдан бері айналысып жүр, осы кезеңде ол әртүрлі турнирлерде бірнеше рет ең жоғары жеңістерге жетті.

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат
0
0
356

ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар лигасындағы рекордты қайталады

«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Чемпиондар лигасында соғылған голдар рекордын қайталады, деп жазады ВВС.

Ол амстердамдық «Аякспен» өткен ойында 71-ші голын соғып, салынған голдар жағынан мадридтік «Реалдың» ойыншысы Раульмен теңесті.

Мұнысымен Месси Криштиану Роналдуды да артта қалдырды. Ол 70 гол соққан болатын.

«Аякспен» ойын 2:0 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді. Месси нидерландтықтар қақпасына екі голды да өзі соқты.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
281

М.Айтжанов — бокстан әлемнің үздік бапкері

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындарында шәкірттерінің үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін «АИБА-ның үздік жыл бапкері — 2014» мәртебелі атағына ие болды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетерлігі, М.Айтжанов өткен жылы да Халықаралық бокс қауымдастығының осы жоғары наградасына ие болған. Ол кезде Қазақстан құрамасы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленген еді. Ал биыл бас бапкердің шәкірттері 17-ші Азиада ойындарында 6 алтын, 1 күміс, 1 қола еншіледі.

Отандасымызға АИБА дипломы 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында табыс етіледі.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
358