Павлодардағы «Жас барыс» турниріне 400-ге жуық балуан қатысады
Павлодарда бүгін қазақша күрестен балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында «Жас Барыс» ІІІ республикалық турнирі басталып, 7 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлады SportNews.kz.
Жарысқа Қазақстанның 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 400-ге жуық жас балуандар қатысады.
Іріктеу сындарын әр өңірде облыстық қазақ күресі федерациясы мен жергілікті дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізді.
«Жас Барыс» республикалық турнирінің ақтық сынына қатысушы балалар жасөспірімдер мен жастар қалалық және облыстық деңгейде жеңімпаз атанған балуандар.
Ал турнирге қатысушылар жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп өнер көрсетеді:
•14-15 жасқа дейінгілер арасында 38 кг, 42 кг, 46 кг, 50кг, 55кг, 60кг, 66кг, 73кг +73кг салмақ дәрежесінде;
•16-17 жасқа дейінгілер арасында 46кг, 51кг, 57кг, 64кг, 72кг, 81кг, +81кг;
•18-19 жасқа дейінгілер арасында 55кг, 60кг, 70кг, 80кг, 90кг, +90кг;
АСТАНА. ҚазАқпарат

