ФУТБОЛ: Месси Чемпиондар лигасындағы рекордты қайталады
«Барселона» футбол клубының ойыншысы Лионель Месси Чемпиондар лигасында соғылған голдар рекордын қайталады, деп жазады ВВС.
Ол амстердамдық «Аякспен» өткен ойында 71-ші голын соғып, салынған голдар жағынан мадридтік «Реалдың» ойыншысы Раульмен теңесті.
Мұнысымен Месси Криштиану Роналдуды да артта қалдырды. Ол 70 гол соққан болатын.
«Аякспен» ойын 2:0 есебімен «Барселонаның» пайдасына шешілді. Месси нидерландтықтар қақпасына екі голды да өзі соқты.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

