Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды

Анапада өткен кикбоксингіден Әлем кубогында Ася Азизова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жарыста күшті спортшылар көп болды, бірақ мен өз күшіме сендім», — деді спортшы қыз.

Асяның айтуынша, оның жеңісіне жаттықтырушысы мен ата-анасы көп қайрат жұмсады.

Спортшы кикбоксингімен 2 жылдан бері айналысып жүр, осы кезеңде ол әртүрлі турнирлерде бірнеше рет ең жоғары жеңістерге жетті.

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат
 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды - Yvision.kz