Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада қала әкімінің жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнир басталды

Бүгін Қызылордада 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық турнир басталды.

Жарысты ұйымдастырушылар — Қызылорда қаласының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы.

Республикалық сайыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және өңіріміздегі бокс ардагерлері сөз сөйледі. Олар балаларға рингте ымырасыз дода болуына тілектестік білдірді.

Турнир 9 қарашаға дейін созылады. Онда Қазақстанның 11 облысынан барлығы 220 жас былғары қолғап иелері қатысып отыр. Бүгін ең аз салмақ дәрежесі бойынша балалар бақ сынасты.

 
Басты сөздер: СпортҚызылорда облысыӘкім
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
 
0
0
266

Осы тақырып бойынша

Қызылордада қала әкімінің жүлдесіне арналған бокстан республикалық турнир басталды - Yvision.kz