Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралда өткен шорт-тректен ел біріншілігінде қостанайлықтар жеңімпаз атанды

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың шорт-трек бөлімшелері командалары арасында ел біріншілігі өткізілді.

Аталмыш жарысқа Астана қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының балғын спортшылары қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай түрлі қашықтықтарда бақ сынасты.

Чемпионат қорытындысында барлығы 2276 ұпай жинаған қостанайлықтар жеңімпаз атанды. 1910 ұпаймен батысқазақстандықтар екінші, қарағандылықтар (1207 ұпай) үшінші орынды иеленді. Басқа командалар едәуір кейін қалып қойды.

БҚО құрамасының бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, Батыс Қазақстаннан 31 жасөспірім жарыс жолына шықты. Әсіресе, Ғалия Жұмағазиева мен Әділ Қырымгереев жекелеген қашықтықтарда ғана емес, көпсайыс қорытындысы бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Сол секілді Әділ Ғалиахметов, Александра Суменкова, Әлішер Шатықов, Айбек Қадыров, Дарья Круткова, Наргиза Омарова, Есей Ибраев, Павел Бойко жүлделі орындарды иеленді. Эстафеталық сында да батысқазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінбей қалған жоқ.

 
ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
245

Осы тақырып бойынша

Оралда өткен шорт-тректен ел біріншілігінде қостанайлықтар жеңімпаз атанды - Yvision.kz