Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Универсиаданың бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 11-ші орынға төмен түсті


Универсиаданың бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 11-ші орынға төмен түсті, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазандағы Универсиаданың бесінші күнінде қазақстандық спортшылар тек екі күміс жүлде ғана алды. 56 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшы Рустам Рустамов финалда ресейлік Сергей Водопьяновқа есе жіберіп қойды – 1:2. Жан Кособуцкий (+ 91) де ресейлік Магомед Омаровпен жұдырықтасып, 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

20 шақырымға жүруден финалда Айман Қожахметова сегізінші орынды иеленді. Қолды тіреп секіруден гимнасшылар арасында Виктор Кочерин алтыншы болды. Ауыр атлет Кирил Павлов 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға тұрақьаса, әйелдер арасында Гүлназ Наурызова (69 кг) алтыншы болды.

Медальдік есеп:

1. Ресей – 115 (62,26,27);

2. Жапония – 31 (7,11.13);

3. Қытай Халық Республикасы – 21 (7,10,4);

11. Қазақстан – 13 (2,6,5).

Қазандағы Универсиадада Қазақстан жеңіп алғвн медальдер.

Алтын (2): Маргарита Мукашева (жеңіл атлетика), Фархад Харки (ауыр атлетика);

Күміс (6): Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеудегі күрес), Руслан Құрбанов (семсерлесу);

Қолы: (5): Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гүлнұр Ерболова (белбеудегі күрес)

 
0
0
299

Осы тақырып бойынша

Универсиаданың бесінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан медальдік есепте 11-ші орынға төмен түсті - Yvision.kz