Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Гүлнұр Ерболова Универсиадада қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Гүлнұр Ерболова (52 кг) Қазан қаласында өтіп жатқан Универсиададағы белбеумен күресте қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Үшінші орынға тартыста қазақстандық спортшы Украина өкілі Людмила Матюшенконы шаң қаптырып кетті – 9:2.

Еске сала кетсек, кеше дәл осы жарыста Димаш Молдашев (75 кг) Қазақстан қоржынына күміс жүлдені салса, Аян Ермекбаев (82 кг) қола медальді иеленді

0
0
383

7 алтын! Қазақтар Азияны бағындырды!

Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлық мықтыларының басын қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 алтын алып, Азиядағы алып бокс державасы екенін дәлелдеуде. Одан бөлек, бір күміс жүлде бар. Сегізінші жүлденің тағдыры енді шешіледі. Алдымен ең жеңіл салмақтағы үмітіміз Теміртас Жүсіпов үндістандықДевендро Лайшрамды жеңді. Төрешілердің екеуі Теміртасты жеңімпаз деп тапса, біреуі өз даусын үндіске беріпті. Алғашқы алтын! 60 келідегі Берік Әбдірахмановтың да тынысы енді ашылғандай. 2012 жылы өткен Қазақстан чемпионатына дейін отандық бокс жанкүйерлеріне белгісіз болып келген Берік Азия чемпионатының финалында тайландтық Арди Сайломды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші алтын! 64 келідегі Мерей Ақшалов та жерлестерінің жеңісті жолын жалғастыр…

0
0
527

Федерер соңғы 10 жылда бірінші рет ATP рейтингісінде 5-орынға төмендеді

Швейцариялық Роджер Федерер Уимлдонда сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты әлемдік ATP рейтингісінде екі саты төмендеді. Уимблдон жарысының өткен жылғы жеңімпазы Федерер осы жылы жарыстың екінші айналымында украиндық Сергей Стаховскийге жеңіліп, жарыс жолын аяқтауға мәжбүр қалған болатын. Нәтижесінде швейцариялық теннисші алдына испандық Давид Феррер мен Рафаэль Надальді жіберіп, рейтингте 3-тен 5-орынға төмендеді. Соңғы рет Федерер осындай көрсеткішке 2003 жылы ие болған еді. Сонымен қатар, Уимлдонның жартылай финалисті аргентиналық Хуан Мартин дель Потро француз теннисшісі Жо-Вильфрид Цонгті рейтингтің 7-нен 8-орынға жылжытты. АТР рейтингісі. 8 шілде күні шыққан нұсқа: 1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 12310 ұпай, 2 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) — 9360, 3 (4). Давид Феррер (Испания) — 7220…

0
0
228

«Арсенал» Суареске 30 миллион фунт ұсынды

«Арсенал» клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Суареске 30 миллион фунт ұсынды, бірақ ұсыныс қабылданбады, дейді Daily Telegraph.

Басылымның хабарлауынша, екі клуб арасындағы байланыс өткен аптада болған.

Ақпарат көзіне сенер болсақ, «Ливерпуль» 26 жастағы уругвайлық ойыншыны өз командасы сапында ұстап қалуға ниетті және тек 40 миллион фунт шамасындағы қаражатқа қана клубты Суаресті сатуға ойландыруы мүмкін.

Айта кетсек, Луис қазір Конфедерация Кубогінен соң демалуда және «Ливерпуль» сапына ай соңында қосылады. Бұдан бұрын Суарес Англиядан кету жайлы ниет білдірген болатын.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-xl.net

0
0
310

Былтыр спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты

Былтыр спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты 2012 жылы спорттық шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұқаралық спортты дамыту мәселесіне келетін болсақ, жыл сайын өткізілетін бұқаралық спорттық шаралардың саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Өңірлерде халықтың бос уақытын спортпен шұғылдануға арнауға қажетті шарттарды жасауға назар көбірек бөлініп отыр. 2011 жылы 7 мыңға жуық бұқаралық спорттық шара өткізелген болса, 2012 жылы болған бұқаралық спорттық шаралар саны – 18 мың. Ал ол шараларға 3 млн 200 мың адам қатысты. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық көрсеткіші — 21,6%», — деді Қожағапанов. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТ…

0
0
411

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты

Қазақстандық әскери дзюдошылардың қоржыны тағы екі қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан әскери қызметшілер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының кеше өткен сайыстарында қазақстандық әскери қызметшілер Өтеулиев Қажымұқан мен Тен Алина қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасындағы 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды кореялық, екінші орынды қытайлық спортшы иеленсе, үшінші орын тұғырына қазақстандық және бразилиялық балуандар бірге көтерілді. Қыздардың 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық спортшы жеңімпаз атанып, италиялық екінші, ал қытайлық және қазақстандық балуан қыздар үшінші орынға ие болды. «Бүгін чемпионаттың соңғы күні ауыр салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күш сынаса…

0
0
374

Еуропа лигасы: «Левски» – «Ертіс» 0:0.

Фото дереккөзі: news.guru.ua Павлодарлық «Ертіс» Еуропа лигасындағы алғашқы ойынын София қаласында болгарлық «Левскимен» өткізді. Есеп – 0:0, деп хабарлайды Қазақстан Футбол федерациясы. «Еуропа лигасында жеребе бойынша ең күшті қарсылас павлодарлық «Ертіске» түскен еді. «Левски» әуелгіде басым көрінген, бірақ павлодарлықтар жеңісті қолдан бермеді», — делінген хабарламада. Қарымта кездесу Павлодарда 11 шілдеде өтеді. «Левски» (София, Болгария) — «Ертіс» (Павлодар, Қазақстан) 0:0 Жүзеге аспаған пенальти: де Карвальо 77 Ескерту: Жоау Силва 52, С. Ангелов 74, Везалов 82 — Говедарица 6, Чичулин 48 «Левски»: Илиев, С. Ангелов, Везалов, Нуну Пинту, Мулдер, Родригес, Криштовау (Лопес 81), Гаджев (Вутов 61), Брю, Велев, Жоау Силва (де Карвальо 52) «Ертіс»: Котляр, Говедарица, Кулибали, Шомко, Куч…

0
0
304

Қазақстанның 135 спортшысы Қазан қаласындағы Универсиадаға аттанды

6-17 шілде аралығында Қазан қаласында өтетін Универсиада-2013 жарысының алдында Қазақстан Республикасының Туын көтеру салтанаты өтті. Бұл туралы sports.kz хабарлайды. Оған Универсиада ауылының вице-мэрі Инсаф Галиуллин және Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) өкілдері қатысып, спортшыларға жеңіс, жанкүйерлерге жарқын әсер тіледі. Қазақстандық делегацияның жетекшісі, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов Универсиада қожайындарына ыстық қабылдаулары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық 135 спортшы жарыстың 14 түрі бойынша бақ сынайтынын атап өтті. Қазақстандық студенттер Бүкіләлемдік Қысқы және Жазғы универсиадаларға 1993 жылдан бері қатысып, қанжығалары 18 алтын, 21 күміс, 29 қола медальмен майланды. Студенттерд…

0
0
335

Ақтөбе» ФК Еуропа Лигасында «Гандзасарды» ұтты

Еуропа Лигасының бастапқы іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Капан (Армения) қаласының «Гандзасар» құрамасы өз алаңында «Ақтөбелік» аяқ допшыларды қабылдады. Бұл туралы Vesti.kz жазды. Букмекерлер ойын алдында қазақстандық құрамаға басымдық берді. Алайда алғашқы таймда Владимир Никитенконың шәкірттері шеберліктерін көрсете алмады. Жанкүйерлер екі құраманың да сылбыр ойынын бақылап, алғашқы таймда есеп сол күйі ашылмады — 0:0. Кездесудің екінші бөлігінде «Ақтөбенің» бапкері шабуылды күшейтуді ұйғарып, алаңға Эмиль Кенжисариевтің орнына клубтың жаңа мүшесі Сергей Давыдовты шығарды. Бұл шешім өзін ақтады десек те болады. Ойынның 65-інші минутында Марат Хайруллиннің берген добын Давыдов дәл нысанаға дарытты. 78-інші минутта Асхат Тағыберген де шеберлігін танытты. Бірақ қазақстандық құрама 90-…

0
0
434

Н.Назарбаев: «Астана» клубы – бас қаламызда үрдіске айналған саламатты өмір салтының символы

Фото: Бауржан ЖУАСБАЕВ, BNews.kz Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Өз сөзінде Қазақстан Президенті жаңа спорт клубының тұсаукесері Елорда күні мерекесі қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. – Астана – Қазақстан дамуының шамшырағы. Еліміз тек экономикада ғана емес, спортта да зор жетістіктерге қол жеткізді. Бұған Лондон Олимпиадасында 7 алтын медаль, 205 елдің ішінен 12-ші орын алғанымыз дәлел. Біз бүгін спорттың барлық түрін жан-жақты дамытуға ден қойып отырмыз. Әсіресе, бұқаралық спортты, жалпы спорт индустриясын ілгерілету басты назарымызда. Бүгінгі шара – мемлекеттің осы салаға қамқорлығының айшықты айғағы, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев клубтың Қазақста…

0
0
423