Pустам Рустамов — Универсиаданың күміс жүлдегері
Қазандағы Универсиада ойындарында боксшы Рустам РустамовҚазақстан қоржынына күміс медаль салды.
2007 жылғы әлем чемпионы Сергей Водопьяновпен қолғап түйістірген Рустам 1:2 есебімен әккі қарсыласына есе жіберді.
Рустам 56 келіде ел намысын қорғаған болатын. Осылайша, құрама қоржыны тағы бір күміс жүлдемен толықты.
49 келіде өзбекстандық Хасанбай Досматов, 52 келіде моңғолиялық Энхгелдер Харху Универсиада чемпиондары атанды.

