Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстандықтар джиу-джитсу бойынша «Monaco Open» турнирінде екі алтын медальға ие болды

Өткен демалыс күндері Монакода NAGA нұсқасы бойынша джиу-джитсудан «Monaco Open» халықаралық турнирі өтті. NAGA — North American Grappling Association — грепплинг пен джиу-джитсу бойынша әлемдегі үлкен жарыс. Ересектер арасында 79,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның ММА Федерациясының байқаушы кеңесінің төрағасы Айдар Махметов алтыннан алқа тақты. Атап өту керек, А.Махметов 36 жаста, ал оның қарсыластары 24-26 жаста болған, деп хабарлады «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметінен. А. Махметов үшін бұл биылғы джиу-джитсу бойынша халықаралық сындағы екінші жеңісі. Ол «ATOS» бразилиялық джиу-джитсу академиясында Қанат Алиннің басшылығымен жаттығады. Ардагерлер арасындағы 97,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 36 жастағы Максим Гуров жеңімпаз атанды. Ол бұрын «Астана» команда…

0
0
257

Ақтөбеде облыстың үздік «барыстарын» анықтады

Ақтөбеде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті. Оған наурыз және сәуір айларында жарыстың қалалық және аудандық кезеңдерінде жеңіп шыққан 26 палуан қатысты. Палуандар арасында 5 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл сайыстың биылғы додасы ең әсерлі әрі ауқымдысы болды. Ұйымдастырушылар оны ұлттық спорт түрінің нағыз мерекесіне айналдыра білді. Жарыстың қорытындысы бойынша «Ақтөбе барысы» атағын қазақ күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, өткен жылдары «Қазақстан барысы» республикалық жарысының қатысушысы, ақтөбелік Бақтыбай Қисықов иеленді. Ақтық кезеңде ол Шыңғыс Шоқпытовты жеңіп, жарыстың басты жүлдесі — «Лада-Гранта» көлігіне ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жоғары шеберлік көрсеткен…

0
0
275

Өскемен қаласында Футбол академиясы салынады — Д.Ахметов

Металлургтер Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов аймақтың спорт саласындағы активімен кездесті, деп хабарлады sports.kz.

Кездесу барысында облыс әкімі Өскемен қаласында неміс немесе испан моделі бойынша футбол академиясы салынатынын мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, академия құрылысына шетелдік мамандар басшылық етеді. Ал жергілікті бапкерлер шетелдік мамандардан білімі мен тәжірибесін жетілдіретін болады.

ШҚО-ның негізгі футбол командасы «Алтай» деп аталып, Семейде орналасатын болады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
294

Елордада Футбол күні аталып өтпек

24 мамырда елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Футбол күні аталып өтеді. Оның аясында қала тұрғындары сағат 12:00-де Астана қаласы мен Қарағанды облысының жеңімпаз құрамаларының арасындағы жолдастық кездесуді тамашалай алады, деп хабарлайды astana.kz. Шараны ұйымдастырушылар — елорда әкімдігі мен Астана қаласының Футбол федерациясы. Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, түрлі сайыстар өткізіледі, үздік шыққандарға сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар Қазақстанда жасалған тауарлар жәрмеңкесі өтеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Астана қаласында екі кәсіби футбол клубы: «Астана» және «Бәйтерек» ФК бар. Олардың негізінде жас футболшыларды дайындайтын екі балалар клубы ашылды. Жалпы, қаладағы 10 әуесқой команда түрлі жарыстарға қатысады. Елордада шағын футбол…

0
0
259

Астаналық жас шахматшы Әлем чемпионатында алтын алды

Тоғыз жасар Әмина Қайырбекова 9 жасқа дейінгі мектеп оқушылары арасында Таиландтың Паттайя қаласында өткен Әлем чемпионатында бірінші орын алды,деп хабарлады astana.gov.kz. Еліміздің жас шахматшылары жалпы командалық есепте 10 медаль иеленіп, нәтижесінде төртінші орынға тұрақтады. Чемпионат қорытындысына сүйенсек, ел құрамасының қоржынында бес қола, үш күміс және екі алтын медаль бар. Қола жүлдені Самал Әбдуәли (13 жасқа дейін), Арыстанбек Оразаев (17 жасқа дейін), Алтынай Қожамқұл (7 жасқа дейін), Қазыбек Нөгербек (11 жасқа дейін) және Назерке Нұрғали (11 жасқа дейін) иемденді. Күміс медаль Әмина Қайрбековаға, Аңсат Алдиярға (7 жасқа дейін), Дениза Құрманалинаға (7 жасқа дейін) бұйырды. Ал алтын медальды Сайын Жанат (17 жасқа дейін) пен Әмина Қайрбекова еншіледі. Елімізге оралған жеңімпа…

0
0
1367

Павлодарда «Құлагер» атты жаңа ипподром ашылды

Павлодар қаласында «Құлагер» атты жаңа ипподром жұмыс істей бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қаланың сыртындағы далада бәйге шеңбері мен 2,4 мың орындық жабық көрермен трибуналары салынды. Бұл жерде сондай-ақ VIP-ложа мен төрешілік рубкасы орналасқан. Болашақта ипподромда атқоралар мен жабық манеждерді салу жоспарланып отыр. «Ипподромды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. Ипподром атқа мінуді ұнататындардың арасында әйгілі болатынына сенімдімін», — деді Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов жаңа спорттық нысанның ашылуында. Ипподром ашылған күні мұнда бәйге жарысы болып өтті. Оған Қазақстан аймақтары және Ресей Федерациясынан келген 60 шабандоз қатысты. Жүлде қоры төрт көліктен тұрды. «Павлодарда келесі ат жарысы 30 мамыр күні болып өт…

0
0
782

Геннадий Головкин — қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылар ондығында екінші орында

Америкалық BleacherReport.com сайты қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылардың ТОП-10 жасады. Онда екінші орынды Геннадий Головкин алады. Ол никарагуалық Роман Гонсалесті ғана алға жіберіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

«Орта салмақтағы жеңілмейтін WBA чемпионы Геннадий Головкин сенбі күні кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, өзінің нокаут-сериясын 20-ға жеткізді.

Головкиннің шеберлігі жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бокстағы жұлдыздардың бірі Геннадиймен бір шаршы алаңға шығуға келіссе, бұл ақылы трансляция деңгейіндегі құбылыс болуы мүмкін», — деп жазады сайт.

 
Басты сөздер: СпортҚазақстан және АҚШ
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
204

Елордада «Астана қыраны» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Елордада «Астана қыраны» турнирінің жеңімпаздары анықталды. Сайыс жеңімпаздары алдағы уақытта «Қазақстан барысы» V республикалық турнирінде елорданың намысын қорғайтын болады. Іріктеу кезеңінде ең мықты палуан атағы үшін 20-дан астам спортшы күш сынасты. Бүгінгі таңда аталған ұлттық спорт түрі жастар арасында үлкен қызығушылық туғызуда. «Қазақ күресі бағзы заманнан ұлттық спортымыз болып табылады. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының сыйлығы тағайындалған «Қазақстан барысы» турнирі қазақ күресінің дамуына үлкен септігін тигізді. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында ұлттық спорт түрлерін жаңғырту ауадай қажет», — деді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов. Жарыс қорытындысы бойынша, 1 орын — Сейдалиев Ғаниге, 2 орын — Айбат Сейтенге, ал жүлделі 3 орын —…

0
0
649

Маңғыстаулық дзюдошылар халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Ақтау қаласында дзюдодан Ер Қосай Құдайкеұлы атындағы «Халық батыры» халықаралық жарысының қорытындылары шығарылды. Үш күнге созылған бәсекеге Қазақстанның Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау қалаларынан, Түркия және Әзербайжан елдерінен келген 12 салмақ дәрежесіндегі барлығы 274 спортшы (1997-1998, сондай-ақ 2002-2003 жылғы) қатысқан. Биыл Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған бұл жарыс жетінші рет өтті. «Жарыстың басты мақсаты — аталған спорт түрін кеңінен насихаттау, үздік спортшыларды анықтау. Бұдан басқа, тәжірибе алмасу. Егер әуелде жарыс республикалық деңгейде өткізілсе, соңғы жылдары оның дәрежесі халықаралық деңгейге дейін өскен. Басқа елдердің спортшылары қатысып, бір-бірлерінің жекпе-жектерін бақылап, тәжірибе алады», — деді Маңғ…

0
0
297

Г.Головкин айтулы боксшылармен болашақта емес, қазір жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головикиннің айтуынша, оған айтулы, үлкен сайыстар болашақта емес, қазіргі уақытта керек, деп жазады Sports.kz. Бұл туралы боксшы кіші Вилли Монроны жеңгеннен кейін айтқан. «Мен Мигель Коттоны құрметтеймін, ол — мықты чемпион. Оның келесі жекпе-жегінде жеңіске кім жететінін білмеймін, бірақ мен, бұл айқасты күтемін. Мен онымен болашақта емес, дәл қазір қолғап түйістіргім келеді. Қазір мен үшін Канело, сол секілді атақты, үлкен боксшылар ғана маңызды», — деді Г.Головкин. Еске сала кетейік, WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головикин бүгін кәсіби шаршы алаңда кезекті сөзсіз жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы ол Калифорнияда 28 жастағы америкалық боксшы кіші Вилли Монроны нокаутпен жеңді. Б…

0
0
233