Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жәнібекте өткен турнирге ресейлік командалар да қатысты

Жәнібек ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аудан әкімінің кубогы үшін волейболдан ерлер командалары арасында ашық турнир мәреге жетті. Аталмыш сайысқа жергілікті волейболшылардан басқа «Бөкей ордасы», «Қазталов», «Жалпақтал», сондай-ақ Ресейдің Саратов облысынан «Рекорд» (Красный Кут ауданы), «Азамат» (Саратов қаласы), Волгоградтан «Волжск», «Ромашковск» (Палласов ауданы), «Николаевск» (Николаев ауданы), барлығы 10 команда қатысып, бақ сынады. Аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде, соның ішінде өңірде спортқа баса көңіл бөлінуде. Жәнібек ауданында да түрлі деңгейдегі жарыстар көптеп ұйымдастырылуда. Ауданды мекендейтін 17 мыңнан астам тұрғынның 5 мыңға жуығы спортпен шұғылданады. Бұл ретте Р…

0
0
354

Канада құрамасы Ресейді тас-талқан етіп ұтып, әлем чемпионы атанды

Чехияда өткен хоккейден әлем чемпионатының финалдық ойынында Канада құрамасы ресейліктерді ойсырата ұтты — 6:1.

Бірінші кезеңде Ресей құрамасының қақпасына жалғыз шайбаны Коди Икин соқты.

Екінші кезеңде канадалықтар тағы үш шайба енгізді. Олар Тайлер Эннис, Сидни Кросби және Тайлер Сегиннің еншісінде.

Үшінші кезеңде канадалық хокейшілер тағы екі рет суырылып алға шықты — Клод Жиру мен Натан Маккиннон көзге түсті. Канада қақпашысы Смит бір ғана рет қапы қалды. Ресей салған жалғыз шайбаның авторы — Евгений Малкин.

Осылайша Канада құрамасы 25-ші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Басты сөздер: СпортӘлем
0
0
234

«Барселона» 23-ші рет Испания чемпионы атанды

Каталониялық «Барселона» командасы Испания чемпионатының 37-ші турында сырт алаңда мадридтік «Атлетиконы» жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды.

Мадридтегі «Висенте Кальдерон» стадионында өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтағы жалғыз голды Лионель Месси соқты.

Осылайша, аталмыш команда 23-ші мәрте Испания чемпионы атанды. Екінші орын алған Мадридтің «Реалы» «Барселонадан» төрт ұпайға қалып қойды.

Биылғы маусымда «Барселона» үш бірдей кубокты иеленуі мүмкін, чемпионаттың алтынына қоса, каталондықтар Испания кубогының финалына да шықты. Сондай-ақ, 6 маусым күні УЕФА Чемпиондар лигасының финалында итальяндық «Ювентуспен» ойнайды.

Испания чемпионаты. 37-ші тур
«Атлетико» (Мадрид) — «Барселона» (Барселона) — 0:1
Голдар: Месси, 65 (0:1).

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
304

Дзюдошылар Жұмақанов пен Ордабаева Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды

Кувейтте өткен Азия чемпионатында 66 кг салмақ дәрежесі бойынша боз кілемге шыққан Елдос Жұмақанов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды sports.kz.

Ол алдымен үндістандық спортшыны тізе бүктірді. Содан кейін екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері өзбекстандық Рашид Сабыровты жеңді. Өкінішке орай, жартылай финалда жапондық спортшы Томофуми Такаджоға есесін жіберіп алды. Қола жүлде үшін күресте Елдос Қытайдан келген Дуанбин Маны жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Ал әйелдер арасында өткен белдесуде 63 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен Мариан Ордабаева қола жүлдегер атанды

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
238

«Реалмен» тең ойнаған «Ювентус» 12 жылдың ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының ақтық кезеңіне өтті

Туриннің «Ювентус» командасының футболшылары Чемпиондар лигасындағы  жартылай финалдық  ойында мадридтік «Реалмен» тең түсіп, жарыстың ақтық кезеңіне өтті.

Мадрид қаласында сәрсенбіде болған ойын 1:1 есебімен аяқталды. «Реал» командасы құрамындағы Криштиану Роналду пенальтиден (23) қақпаны дәл көздеді. Итальяндықтардың арасында Альваро Мората (57) көзге түсті.

Енді «Ювентус» финалда испаниялық «Барселонамен» ойнайды. Бұл кездесу 6 маусым күні Берлиндегі Олимпиада стадионында өтпек.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: ӘлемСпорт
0
0
354

Елордада «Астана қыраны» іріктеу сайысы өтеді

15-16 мамыр күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне «Астана қыраны» іріктеу сайысы өткізіледі. Бұл турнирге тек қана Астана қаласы аймағынан спортшылар қатысатын болады.

15 мамыр күні сағат 15-00-ден 19-00-ге дейін қазақ күресінің палуандары салмақ өлшеуден өтеді. Жарысқа дайындалады.

16 мамыр күні сағат 10:00-да жарыс басталады. 15:00-де жарыс салтанатты түрде ашылады. Бұл турнирге тек қана Астана қаласының спортшылары қатысады. Осы жарыста топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар «Қазақстан барысы» турнирінде бақ сынайды. Бұл туралы ҚР Қазақ күресі федерациясынан хабарлады.

 
АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: АстанаСпорт
0
0
286

Қызылордалық Кабира Асқарова пауэрлифтингтен Қазақстан рекордын жаңартты

Алматы облысы Талдықорған қаласында пауэрлифтингтен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс медаль олжалап, жүлделі оралды. 50 келіде сынға түскен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кабира Асқарова Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 65 келіде Айбек Әбжанның мерейі үстем болса, 73 келіде Райля Қорғанбаева чемпионаттың алтын медалін иеленіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. 45 келі салмақ дәрежесінде Алтынкүл Иманбаева, 54 келіде Ерболат Әлімбетов пен 107 келіден жоғары салмақта шеберлік байқасқан Алмасбек Сейтенов күміс жүлдеге ие болды. Ел чемпионатына Қазақстанның барлық өңірлерінен спортшылар бақ сынасты. Жарыст…

0
0
397

Головкин — Монро жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды

Орта салмақтағы (72,6 кг) WBA Super/WBC Interim/IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин мен америкалық боксшы кіші Уилли Монро жекпе-жегіне 48 сағат қалғанда Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы аталған кездесудің реферилері мен төрешілерінің есімдерін жария етті.

Рингтегі үшінші адам болу жауапкершілігі Джек Реиссқа артылды, ал шаршы алаңның маңынан ондағы жағдайды бағалау ісі  Аделаида Бёрд, Стив Вайсфельд және Пэт Расселлге бұйырды, деп хабарлады sports.kz.

   
АСТАНА. ҚазАқпарат
Басты сөздер: Спорт
0
0
247

Қырымбек Көшербаев Азия чемпионы Дәулет Ниязбековты жеңісімен құттықтап, қолдау көрсететінін жеткізді

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев еркін күрестен Азия чемпионы Дәулет Ниязбековті қабылдады. Сыр елінің тумасы жақында Катардың Доха қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, еліміздің Туын көкке көтерді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады. Дәулет Ниязбеков 1989 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 10 жасынан күреспен айналысқан ол Қазақстан Республикасының ересектер арасында 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері. Оның бүгінгі алған жүлдесі — қоржынындағы алғашқы алтыны. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Дәулетті жеңісімен құттықтап, бұл үлкен жеңістердің бастамасы болсын деп тілегін айтты. - Биыл спортшыларымыз әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізуде. Соның бір дәлелі — Дәулеттің жеңісі. Сыр жұртшыл…

0
0
235

Ақтаулық жас бишілер Ресейдегі халықаралық турнирде 7 бірінші орынды иеленді

Ресейлік Волгоград қаласында спорттық билер бойынша халықаралық турнир мәресіне жетті, оған Ақтаудың «Жас қанат» спорт кешенінің спорттық билермен айналысатын 5 жұбы қатысты. «Бұқаралық спорт» санатында 6-11 жас аралығындағы жас бишілер 8 жүлделі орынға ие болды, оның 7-еуі бірінші орын. Арина Языкова мен Богдан Лонский (юниор-1) жұбы екі бірінші орынды иеленді. Евгений Бортников пен Вика Осипова (балалар-2) бірінші және екінші орын алды. Дамир Сейітжанов пен Жанна Есемұратова (балалар-1) екі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Осындай наградалар мен екі бірінші орын Давид Бабаян мен Полина Хохловаға (балалар-2) да бұйырды. Бұдан басқа, «Жоғары жетістіктегі спорт» санатында София Муравьева мен Евгений Шестаперов (юниор-1) жұбы қатысты. Е сыныбында екі үшінші орын (латын мен стандарт), D…

0
0
266