Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Геннадий Головкин — қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылар ондығында екінші орында

Америкалық BleacherReport.com сайты қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылардың ТОП-10 жасады. Онда екінші орынды Геннадий Головкин алады. Ол никарагуалық Роман Гонсалесті ғана алға жіберіп алды, деп хабарлады Sports.kz.

«Орта салмақтағы жеңілмейтін WBA чемпионы Геннадий Головкин сенбі күні кіші Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, өзінің нокаут-сериясын 20-ға жеткізді.

Головкиннің шеберлігі жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр. Бокстағы жұлдыздардың бірі Геннадиймен бір шаршы алаңға шығуға келіссе, бұл ақылы трансляция деңгейіндегі құбылыс болуы мүмкін», — деп жазады сайт.

 
Басты сөздер: СпортҚазақстан және АҚШ
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
205

Осы тақырып бойынша

Геннадий Головкин — қазіргі кездегі ең әсерлі боксшылар ондығында екінші орында - Yvision.kz