Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордада Футбол күні аталып өтпек

24 мамырда елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Футбол күні аталып өтеді. Оның аясында қала тұрғындары сағат 12:00-де Астана қаласы мен Қарағанды облысының жеңімпаз құрамаларының арасындағы жолдастық кездесуді тамашалай алады, деп хабарлайды astana.kz.

Шараны ұйымдастырушылар — елорда әкімдігі мен Астана қаласының Футбол федерациясы.

Шара барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, түрлі сайыстар өткізіледі, үздік шыққандарға сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар Қазақстанда жасалған тауарлар жәрмеңкесі өтеді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Астана қаласында екі кәсіби футбол клубы: «Астана» және «Бәйтерек» ФК бар. Олардың негізінде жас футболшыларды дайындайтын екі балалар клубы ашылды. Жалпы, қаладағы 10 әуесқой команда түрлі жарыстарға қатысады.

Елордада шағын футбол ойнаушылар саны да аз емес. Астана қаласында жабық алаңдарда ойнайтын 90 кәсіби емес құрама бар.

Елордада балалар арасында футболды дамытуға ерекше назар аударылады. Астанада 1 мамырда балалар футбол орталығы ашылды, онда 6-12 жас аралығындағы балалар жаттығады.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
260

Осы тақырып бойынша

Елордада Футбол күні аталып өтпек - Yvision.kz