Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда «Құлагер» атты жаңа ипподром ашылды

Павлодар қаласында «Құлагер» атты жаңа ипподром жұмыс істей бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаланың сыртындағы далада бәйге шеңбері мен 2,4 мың орындық жабық көрермен трибуналары салынды. Бұл жерде сондай-ақ VIP-ложа мен төрешілік рубкасы орналасқан. Болашақта ипподромда атқоралар мен жабық манеждерді салу жоспарланып отыр.

«Ипподромды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. Ипподром атқа мінуді ұнататындардың арасында әйгілі болатынына сенімдімін», — деді Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов жаңа спорттық нысанның ашылуында.

Ипподром ашылған күні мұнда бәйге жарысы болып өтті. Оған Қазақстан аймақтары және Ресей Федерациясынан келген 60 шабандоз қатысты. Жүлде қоры төрт көліктен тұрды.

«Павлодарда келесі ат жарысы 30 мамыр күні болып өтеді. Жаз маусымының ішінде спорттық бәйге түрлері бойынша жарыстар айына бір рет өткізіліп тұрады», — деп хабарлады Павлодар қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ардақ Тұрсықпаев.

   
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат
Басты сөздер: СпортПавлодар облысы
 
0
0
783

Осы тақырып бойынша

Павлодарда «Құлагер» атты жаңа ипподром ашылды - Yvision.kz