Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теңдік саясаты

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Теңдік саясаты»  тақырыбы бойынша семинарлық сабақ жүргізілді.

  Соттың жетекші маманы Ж. Еденбаева сот мамандарының қатысуымен Гендер саясатқа қатысты семинарлық сабақ жүргізді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың мамандары қатысқан болатын

    Ж. Еденбаева әріптестеріне Гендерлiк саясат – бұл қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін айтып берді. Сонымен қатар ол «Қазақстан  Республикасындағы гендерлiк саясат тұжырымдамасымен»  гендерлік саясаттың реттелетіндігін айтып өтті. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады.  Гендерлік теңдік стратегиясы 2006 - 2016 жылдар аралығындағы кезеңде еркектер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейтін 9 бөлімнен тұрады.

     Іс-шара соңында қатысушылар ұсыныстарын  білдіріп, ал ақпараттар назарға алынды.

Осы тақырып бойынша