Мазмұнға өту
jhasik

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

@jhasik

Сайтта 2016 ж. 19 маусымКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

132

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылу

1

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенім білдіру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімділікті көтеру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Азаматтарды кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаева қабылдады.

«Ашық есік күні» құқықтық мәдениетті көтеруде маңызды рөлді атқарады, әділет қызметшілерінің аса күрделі құқықтық мәселелерді шешуге көмектеседі.

Азаматтар кеңсе меңгерушісіне құқықтық сипаттағы проблемалық мәселелермен қабылдауына жүгінді. Келушілерге құқық қолдану практикасы бойынша жан-жақты жауаптар берілді.

Азаматтарға талап арыздардың, апелляциялық шағымның үлгілері көрсетілді. Іс-шара соңында Алматы қаласы тұрғындары алғыстарын білдірген болатын

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
122

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

2018 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Ашық есік күнін» өткізілді. Судья К.Е. Касабулатов іс-шара барысында жеке азаматтар қабылдауын өткізіді, онда ол азаматтық құқықтық реттеу, кедендік, салықтық заңнамаларды бұзу, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану мәселелеріне толық жауап берді, сондай-ақ сот актілеріне одан әрі шағымдану бойынша азаматтық құқықтық нормаларды түсіндірген. Одан басқа, барлық ниет білдірушілерге азаматтық іс бойынша сот процестеріне қатысу мүмкіндіктері берілді. «Ашық есік күнін» Алматы қаласы Жетісу аудандық соты әр апта сайын жұма күндері өткізеді. Осындай іс-шараны өткізу мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, сот төрелігіне қол жетімділікті қалыптастыру, азаматтардың сот жүйесіне жо…

0
0
108

Электрондық сот төрелігі

2018 жылдың қаңтар айының 25-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Электрондық сот төрелігі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына аудандық сот судьялары, мамандары және «Медиацияны дамыту орталығының» РҚҰ өкілі Б.М. Абдураимов қатысқан болатын. Жетісу аудандық сотының судьясы С. Қанатбаев дөңгелек үстел қатысушыларын ақпараттық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырды және «Сот кабинеті» «Төрелік» «Аудио-Бейне тіркеу» ақпараттық сервистерінің ерекшеліктерін көрсетті. Бүгінде тараптарға өзінің өкіліне өкілдік беруге сенімхат ресімдеу үшін нотариусқа барудың қажеті жоқ, бар болғаны интернетке қолжетімділік пен электрондық-цифрлық қолтаңбаға (ЭЦҚ) ие болуы керек. «Бүгін біз осы сервисті «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы арқылы iOS, Android және Window…

0
0
1324

мемлекеттік тілдің даму жолдары

2018 жылдың қаңтар айының 26-шы жұлдызынында, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында кеңсе қызметкерлерімен бірге «мемлекеттік тілдің даму жолдары» атты тренинг сабақ өткізілген болатын. Тренинг мемлкеттік тілді дамыту және жақсырту, үш тіл концепцияны енгізу мемлекеттік саясатын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Іс-шара талқылау ретінде өткізілген. Талқылау кезінде бам маман Г.С. Керимбекова өз сөзінде үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетін ескертті. Тренинг барысында қатысушылар латин а…

0
0
1165

Рухани жаңғыру ел болашағы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқыған адам үлкен әсер алады деп ойлаймын.Аталған бағдарламаның ең басты мақсатының, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. «Рухани жаңғыру бағдарламасы» негізінен тәуелсіздік алғалы бері, жұмыстар атқарылып келуде, 2004 жылғы «Мәдени мұра» және 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» атты бағдарламалары дәлел бола алады. Халқымыз ұлттық салт дәстүрімізден, дінімізден ажырамай, әр қадамын ойластырып әрқашанда заманның талабына сай даму үстінде болу қажет. Қазіргі таңда әр қазақстандық өз заманына лайықты білімді болуы шарт, шет тілдерін, озық технологиялар заманында сауатты болу білу керек, алайда даму жолында салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгі сақтап қалуға тиіспіз.…

0
0
111

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар.

Еліміздің сот жүесіндегі озық технологиялар. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері спорт, мәдени, әлеуметтік салаларында қарқын даму үстінде, сол салалардың ішіне сот жүйесіде кіреді. Қазіргі таңда сот жүйесіне және Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға аса қатты көңіл бөлініп отыр, оған дәлел елбасымыздың «100 қадам» Ұлт Жоспары реформасында айқын көрінеді. Бүгінде Ұлт Жоспарында сот жүйесі бойынша бекітілген барлық жаңашылдықтар 2016 жылдан бастап іске асуда. Бұл жаңашылдықтардың барлығы отандық сот жүйесін неғұрлым жаңғырта түсті, атап айтқанда сот жүйесі озық технологиялермен қамтылған болатын, яғни барлық соттар бейнетіркеу жүйесімен жабдықталды. Бейнетіркеу жүйесінің негізгі басымдығы сот отырысына қатысушы барлық тараптарды, судьяны, мемлекеттік айыптаушыны, адвокаттарды тәртіпке шақырады, пр…

0
0
556

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны

Сот жүйесінде сот отырысы хатшысының алатын орны өте маңызды деуге болады, Сот отырысы хатшысының жұмысы күрделі, көп функциялды және сонымен бірге өте қызықты болып келеді. Көпшілігі хатшының жұмысы бір қарағанда өте оңай, сот отырысына қатысып, барлық іс қимылдарды хаттамаға түсіріп отырса болғаны деп ойлайды, әрине бұл олай емес, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылуы сот құжаттарының дұрыс, дәл, құзыретті түрде жасалуы, сот отырысының хаттамасында барлық іс әрекеттердің баяндалуы, сонымен қатар, тараптардың сот отырысына уақытылы қатысуы, азаматтық істерді ретімен дайындауды, сот актілерін және басқа да көптеген құжаттарды есепке алу нұсқауларына сәйкес реттеуді, сот құжаттарын, актілерін тараптарға жолдауды, азаматтық істерді реттеп, тігіп кеңсеге өткізуді, жеке шағым немесе апелляциялы…

1
0
1321

Әйел құқығы

БҰҰ Бас Ассамблеясының 25 қарашаны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің халықаралық күні деп жариялаған қарары 1999 жылғы 17 желтоқсанда қабылданды. Онда мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шараларды осы күнде өткізу ұсынылды. Жыл сайын бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдық ұйымдары зорлық-зомбылыққа қарсы акцияларын 25 қараша күні өткізеді. Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі конвенцияны ратификациялады. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Еліміз Әйелдерге қатысты барлық кемсітушілік көріністерін жою туралы конвенцияға 1998 жылы қосылды. Бұл конвенцияның 18-ші бабында оған қатысушы мемлекеттер 4 жылда бір рет БҰҰ-ға конвенцияның жүзеге асы…

0
0
215

Сот отырысының хатшысы атқаратын қызмет

Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Сот жүйесінде судьямен қатар сот отырысының хатшысы сот жүйесіндегі маңызды буын. Мемлекеттік қызметкер мәртебесін қолдап отыру үшін барлық мемлекеттік қызметкерлер секілді сот отырысының хатшыларына да қойылатын талаптар әрдайым жоғарылап отырады. Сот отырысының хатшысы - сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші. Сот отырысының хатшысы өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге, хаттамада соттың іс-әр…

0
0
111

«Сот кабинеті» жүйесімен танысу

Қазақстан республикасының Жоғарғы соты, сот жүйесіне деген қолжетімділікті және сот жүйесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, заманауи технологияларды қолдану арқылы «сот кабинеті сервисі» атты жаңашылдықты енгізген болатын. Бұл жобамен қолдану үшін, электронды қолтаңба арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайты қолдана отырып жұмыс істей аласыз. Бұл қызметті пайдаланудағы ең басты ерекшелігі бұл сотқа шағым, талап, арыз, өтініштерді, апелляциялық, жеке, кассациялық шағымдарды және бақылау тәртібінде істі қайта қарау туралы өтініштерді жазып оны тіркеуде уақытты үнемдеудің мүмкіншілігі өте жоғары. Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып интернет желісі арқылы сотқа талап арызды бере алады, сот отырысы хаттамасын алу, азаматтық іспен танысу туралы арыздарын жол…

1
0
1678