Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оңайтылған және бұйрық арқылы іс-жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында Ашық есік күні өткізілді

2018 жылдың наурыз айының 17-ші жұлдызында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында ашық есік күні өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі И.А. Кумысбаеваның және қала тұрғындары қатысқан болатын

Қабылдауда болған азаматтар құқықтық сипаттағы өзекті мәселелермен жүгінді, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 142-бабына, сот бұйрығының күшін жоюға қатысты мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында, әр қойылған сұраққа кеңсе меңгерушісі қолданыстағы заңнамаға түсініктеме бере отырып, толық жауап берді. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлімделген талапқа қарсылық келіп түссе не, егер сот бұйрығында құқықтары мен міндеттері қозғалған басқа да адамнан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес еместігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жоятыны туралы айтылды.

Кездесу барысында И.А. Кумысбаева Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Ж. Асанов мырзаның жасап жатқан жұмыстарын атап өтіп, Оңайтылған іс-жүргізу тәртібі, бұйрық арқылы іс-жүргізу тәртібі толық көлемде электронды түрде жүргізілетіні туралы айтып өтті.

Аталған шара сотқа заң көмегін алуға келген азаматтарға құқықтық көмек беру, құқықтық мәдениетті жоғарылату, сот жүйесіне деген сенімді арттыру және сот төрелігінің қол жетімділігін және жариялылығын таныттыру мақсатында өткізілді.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
189

Осы тақырып бойынша