Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлықты жеңу басты мақсат

Елімізде шешімі табылмай отырған, қандай салада болмасын еліміздің дамуын тежелеп отырған проблема, бұл жемқорлық мәселесі, жемқорлыққа әлемнің барлық елдерінде байқалатын проблема, кейбір мемлекеттер жемқорлықты жеңу мәселесінде алдыға жылжыса, кейбірі елдерде жемқорлықтың индексы өте жоғары, біздің еліміз жемқорлыққа қарсы күресте артта қалған мемлекеттердің арасында десем қателеспеспін. Жемқорлықты жеңу қоғамның қолдауынсыз мүмкін емес, ал қоғам бұл еліміздің барлық тұрғындары, азаматтары, яғни әр-біріміз пара беруден, алудан аулақ болу арқылы жемқорлықты жеңуге болады.

Жемқорлыққа қарсы бірнеше мемлекеттің өте үлкен жұмыс жасап, реформалар арқылы жетістіктерге жеткені белгілі .

Эстония: аталған мемлекет электронды қызмет көрсету жүйесін қолдану арқылы жемқорлықтың алдын алып отыр, яғни қағазбастылықтан құтылып, мемлекет көрсететін барлық қызметтың 80 пайызын электронды түріне ауыстыру арқылы белгілі бір жетісітктерге жетіп отыр, яғни белгілі бір қызмет түрін алу жүзбе-жүз кездеспей-ақ, үйінде отырып, интернет арқылы қызмет түрін ала алады.

Сингапур 40-жылдың ішінде ең кедей мемлекеттердің арасынан әлемнің экономикалық державасы атағына коррупцияны жеңу арқылы қол жеткізіп отыр, Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресудің ең маңызды шаралардың бірі шенеуніктерге жалақыны көтеру арқылы жасалып отыр, егерде мемлекеттік қызметкерлерге лайықты жұмыс ақы төленбесе, ондай жағдайда білікті, ақылды, мамандардың жеке секторларға ауысып кету қаупі туындайды деп Ли Куан Ю пайымдаған. Тұрақты және сенімді билік, ол елдің табысты басқаруының кілті болып табылады. Шенеуніктердің жағдайының, еңбек ақысының көтеру арқылы, көп ұзамай елдегі барлық мықты, ақылды, мамандардың мемлекеттік қызметке кіруіне себеп болған.

           Қытай заңның үстемдігі:  Си Цзиньпин ел басшысы бола салып, елдегі шенеуліктерге өзінің 8-бөлімнен тұратын кодексын жаттатып және әр-қашанда бұзбай жүруін міндеттеген.

1. Салтанатты іс-шаралардан бас тарту (қымбатқа түсетін кездесулерден, шет елдік әншілерді шақырудан, той думаннан, бас тарту )

2. Кез келген коммерциялық іс-шарадан бас тарту, (белгілі мекеменің ашылуына қатысудан бас тарту)

3. Іс сапармен шет-елдерге шығудан бас тарту,

4. Қарапайым азаматтарға түсінікті болу үшін құжаттарды түсінікті тілмен жазу,

5. Кортеждермен жүру арқылы көшелерді жабудан бас тарту,

6. Керек емес PR-тан бас тарту, телеарналарда мейлінше аз көріну,

7. Басылымдардан бас тарту, автобиографиялар, нұсқаулық кітаптарды шығарудан бас тарту,

8. Қымбат көліктерден, пәтерлерден бас тарту.

Осындай 8-бөлімнен тұратын кодекс арқылы Қытай қазынасы жылына 160 млрд АҚШ долларын үнемдейді екен.

            Парамен ұсталған шенеуніктер үшін ең жоғары жаза түрі - ату  жазасы белгіленген, соңғы 16 жылда, Қытай елінде 10 000 адам ату жазасына кесілген.

            Жоғары айтылған елдердің тәжірибесін қолдана отырып жемқорлықты жеңуге болады.

            Еліміз ең дамыған 30-елдің қатарына кіргісі келсе жемқорлықтың алдын алу керектігі айтпаса да түсінікті.

            Белгілі саясаткер Маргарет Тэтчер айтпақшы, Әлемдегі ең ауқымды, беделі жоғары елдердің қатарына кіргілерің келсе, онда ішкі проблемаларыңды жойыңдар деген.

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының жетекші маманы Ж.Б. Жолдыбай

0
0
190

Осы тақырып бойынша