Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Алматыда заңсыз жүрген 30-ға жуық африкалық ұсталды

Алматыда Африка елдерінен келген 28 заңсыз келімсек анықталды.

Бұл өткен күні қаланың көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шараның нәтижесі. Келімсектер қаланың әртүрлі нысандарынан табылды.

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бүтіншиновтің айтуынша, олардың басым бөлігі қабылдап-тарату орнына орналастырылған.

«Нәтижесінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 16 шетелдік азамат ПД-нің қабылдап-тарату орындарына орналастырылды, Африка елдерінің тағы 8 азаматы үшін Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын басқа да заң бұзушылықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - дейді Бүтіншинов.

0
0
236

Алғашқы жұмыс күнінде – Президенттен 10 тапсырма

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысы атқарушы биліктің өткен жылғы жұмысына баға беріп, алдағы міндеттерді атап өтті.Сондай-ақ Тоқаев Үкіметке нақты 10 тапсырма берді. Біз соларды санамалап шықтық.БІРІНШІ. Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет. Соңғы бес жыл ішінде бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кетті. Сондықтан бюджетті тиімді басқару және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау Үкіметтің алдында тұрған басты міндет болып қала береді.ЕКІНШІ. Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек. Өндіру саласындағы жобалардан түскен пайда қайтадан инвестиция ретінде экономикаға салынып жатыр. Тікелей шетел инвестициясы, негізінен, осы қаражаттың есебінен қамтамасыз етіліп отыр.ҮШІНШІ. Мемлекеттік сатып алу,…

0
0
267

Әзірбайжанда президент сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Әзірбайжанда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Оны осы елдің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов жария етті.

Фото: AFP

Әзірбайжанда президенттік орынға 7 үміткер бақ сынап жатыр. Олар: «Ени Әзірбайжан» партиясының атынан қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Алиев, Милли Меджлис депутаттары Захид Орудж (өз-өзін ұсынған) бен Рази Нуруллаев («Ұлттық майдан» партиясының басшысы), «Ұлы жасампаздық» партиясынан Фазиль Мустафа, «Ұлы Әзірбайжан» партиясы атынан Эльшад Мусаев, «Әзірбайжанның бірыңғай халық майданы» партиясынан Гудрат Гасангулиев және және тағы бір өзін ұсынуші Фуад Алиев.

Әзірбайжандағы сайлаушылар саны - 6,334 млн. Олар 6,2 мың учаскеде дауыс беріп жатыр.

0
0
169

Глицерин мен махорка соғысы

Парламент вейптерге толық тыйым салатын заң қабылдап, бәріміз урррааа деп ұрандатқанымыз кеше ғана еді. Бүгін еліміздегі вейпинг қауымдастығы депутаттардың шала-шарпы шығарған шешіміне қарсымыз деп отыр.Себебі темекінің бұл түріне тиым салынса, ел экономикасы 18 млрд теңгеден қағылады дейді. Былтыр вейп сатқыштар салыққа осынша ақша төлеген екен. Сондай-ақ 20 мың адам тұрақты жұмысынан айырылып, нәпақасыз қалады дейді. Ең сорақысы вейптерді әкелуге, сатуға, пайдалануға тиым салса, қара нарық кеулеп, заңсыз контрабанда көлемі артады деп алаңдап отыр екен ассоциация өкілдері. Ең қызығы бұл өнімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ешқайсысында шектеу жоқ.Бір ғана нәрсе айтайын: бұл вейп пен темекі өндірушілер арасындағы соғыс. Себебі электронды темекі нарыққа енгелі ФилипМоррис си…

0
0
179

Олжас Бектенов Премьер-министр болып тағайындалды

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген t.me/aqorda_resmi хабарламасында.

0
0
172

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

t.me/aqorda_resmi

0
0
177

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға жаңадан 20 мектеп салынбақ

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Жасанды интеллект фотоиллюстрациясыЖемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді: • апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда); • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда); • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).Шымкент қаласында, Жетісу және Қыз…

0
0
166

Олжас Бектенов Премьер-министр болса, оның орнына осы кісі барады деп жатыр

Ұсынылған адамның сайланатынына, ал сайланған адамның ұсынылатынына халық үйреніп алған. Сондықтан Amanat партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің Премьер министр болатынына бәрі сенімді.

Оның осыған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болып келгенін айттық. Енді сол қызмет кімге бұйырады деген әңгіме қызу жүріп жатыр.

"Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ҚР Премьер-министрі қызметіне кететін Олжас Бектеновтің орнына ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалады. Ақордада Бас прокурор туралы да сыбыстар шығып жатыр екен", - деп жазыпты @egovpress.

Айта кетейік, бұған дейін Amanat фракциясы Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

0
0
372

Үкімет басшысы лауазымына Олжас Бектенов ұсынылды

Amanat фракциясы ҚР Премьер-министрі қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.Бектенов өткен жылы Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ал бұл орынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметінен келді. Олжас Бектнов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.2006-2009 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа…

0
0
668

"Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". Желіде қызық видео тарады

Соңғы күндері әлеуметтік желіні 2000 жылдардың басындағы өнер жұлдыздарына қатысты қызық видео жаулап алды. Соны Facebook-ке жариялағандардың бірі Салтанат Абылбекова мынадай жазба қалдырыпты: "Сәбит: Бұл бұлбұл менің ғана бақшамда сайрауы керек!" Расымен де бейнероликте тойда беріліп ән айтып жатқан әнші Алтынай Жорабаеваға оның сол кездегі күйеуі, актер Сәбит Әбдіхалық тесіліп қарап тұр. Ал ортада Мейрамбек Бесбаев Бейбіт Сейдуәлиевамен билеп жүр. Бұл жазбаға төмендегідей пікірлер жазылған: "Неше жыл сайрады ғой". "Алтынайдың не айтып жатқанын адам түсінбейді ғой". "Тоқтардың бұлбұлы Мейрамбектің бағында жүр". "Бұлбұлдар əлі сайрап жүр. Соларды тойға шақыратындар не дейді екен? Яғни сұрап сүгіретке түсушілер". "Тоқтардың бұлбұлы басқа бақта сайрап жүр ғой. Ол қайда?"Видены мына жерден к…

0
0
233